Әскерлердің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды

МО РК 2014 M04 19
411
0
0
0

Алматы облысындағы «Көктал» оқу полигонында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Аэроұтқыр әскерлерінің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі...

Алматы облысындағы «Көктал» оқу полигонында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің қатысуымен Аэроұтқыр әскерлерінің бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуының шешуші кезеңі өтті.

Жаттығудың қорытынды кезеңінде Құрлық әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімшелері шартты қарсыласты қоршау және жою сияқты арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізді.

Оқу-жаттығудың мәні бойынша барлау күштері төңіректегі аудандардың біріне заңсыз қаруланған құрылымдардың жиналғанын байқайды. Шартты қарсыласқа қарсы арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізу үшін Аэроұтқыр әскерлерінің Алматы, Талдықорған, Қапшағай және Сарыөзек гарнизондарында шоғырланған әскери бөлімдері жауынгерлік әзірлікке келтірілді.

Тұрақты шоғырланған жерінен жауынгерлік мақсаттағы ауданға көп шақырымдық марш жасау кезінде Аэроұтқыр әскерлері Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет түнгі жағдайда су кедергілерін еңсере отырып жүріп өтті. Аэроұтқыр әскерлерінің 200-ден астам ауыр және дөңгелекті техникалары инженерлік бөлімшелер қойған понтонды көпір арқылы Іле өзенінің арғы бетіне жеткізілді.

Оқу-жаттығудың шешуші кезеңінде бөлімшелерге қарсыласты базалық лагерьде қоршап, жою туралы тапсырма қойылды.

Арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізуге Аэроұтқыр әскерлерімен бірге Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің майдандық авиациясы қатысып, МиГ-27 ұшақ-истребительдері шартты қарсыласқа әуеден соққы берді.

Жаттығудың шешуші кезеңіне Зымыран және артиллерия әскерлерінің өкілдері, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерінің танк және мотоатқыштар бөлімшелері тартылды. Әуеден барлау жасау үшін ұшақсыз ұшу аппараттары қолданылды.

Жаттығу барысында десантшылар Аэроұтқыр әскерлерінің шұғыл, үйлесімді және сауатты қимылдай алатынын тағы бір дәлелдеді. Олар заңсыз қаруланған құрылымдарды қоршау және жою жөніндегі барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алды.

ҚР ҚМ Баспаөз қызметі

Оцените пост

0