Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:48, 18 апреля 2014

Дөңгелек үстел: Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығы қай деңгейде?

Blog post image

«Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ және Kaspi bank бірлескен түрде «Қаржы мәдениеті» атты бағдарлама аясында Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығына арналған жалпыұлттық зерттеуі аяқталған болатын. Осыған орай, жуық арада Анкара қонақүйінің Абылайхан залында Kaspi bank еліміздің элиталы тұлғаларының басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Басты тақырып – Қазақстан халқының қаржы сауаттылығы жайында.

Зерттеудің қорытындысы туралы презентацияны банктің атқарушы директоры Михайл Ломтадзе ұсынды. Михайл Ломадзенің айтуынша, 2014 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық мәдениет» бағдарламасы жүзеге асырылып келіпті. Бағдарламаның бірінші кезеңі «Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып өткізілген. «Біз осы жобаны жүзеге асыруға 1 млн. доллар қаржы жұмсадық. Өйткені, қазіргі таңда халықтың қаржылық сауаттылығы өте төмен деңгейде. Оны жақында жүргізген зерттеулер нәтижесі анық көрсетіп отыр», - деді Михаил Ломтадзе.

Blog post image

Презентация бойынша сөйлейтін болсақ, зерттеу бір айға созылған. Еліміздегі барлық облыстан сауалнама және интервью түрінде алынған зерттеуге 1200 азамат қатысқан. Әйелдер мен еркектер теңдей тартылған зерттеуге 20-60 жас аралығындағылар сұрақтарға жауап берген. Зерттеу 55 сұрақ, 5 бағыт бойынша жүргізіліпті. Олар:

- Қаржылық қызметті қолдану;

- Қаржылық сауаттылық дәрежесін бағалау;

- Қаржылық тәртіп;

- Отбасылық бюджетті жоспарлау және басқару;

- Банктер туралы ақпарат көзі;

Blog post image

Нәтижесінде, елімізде әрбір үшінші адам өзінің қаржылық сауатына көңілі толмайды. Сұралғандардың 43%-ы депозиттерді кепілдендіру жүйесі туралы білмейді және сұралғандардың барлығы дерлік сақтандырудың  ең жоғары сомасы туралы білметін болып шықты(тек 6% ғана біледі).

Есте сақтаңыз: Мемлекет 5 миллион теңгеге дейін депозиттерге кепілдік береді. Қандай жағдай болсын сіз салымыңызды жоғалтпайсыз.

Blog post image

Әрбір екінші адам қаражатын үйде сақтайды. Тек 10 адамның 1-і ғана депозитте сақтайды. Тұрғындардың 38%-ы кіріс пен шығыс есебін жүргізбейді. Нәтижесінде, 3 адамның 2-і айдың аяғында, келесі жалақыға дейін ақшасыз қалады. Қаржы қызметін тұтынатындардың 65% -ы қаржылық ұйымдардың қызметін тек келісім-шартқа қол қояр кезде салыстырады. Алдын-ала зерттеу жүргізбейді.Зерттеу бойынша,тұтынушы-ларды тек 4 тақырып жиі толғандырады екен. Олар:

- Келісім-шартқа қол қою кезінде неге мән беру керек (сұралғандардың 39.5%);

- Несиенің толық құнын қалай есептеу керек (сұралғандардың 38.4%);

- Жеке бюджетті қалай қалыптастыру керек (36.9%);

- Қаржы өнімдерін тұтынушылардың құқығын қалай білу керек (сұралғандардың 32.8%).

Blog post image

Kaspi bank басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, орнықты банк жүйесінсіз күшті экономика болмайтыны сияқты, қаржылық жағынан сауатты тұтынушыларсыз банктердің тиянақты дамуы мүмкін емес. Сондықтан да, kaspi bank жүргізіп келген "Қаржылық сауаттылық" бағдарламасының маңызы орасан зор.

Дөңгелек үстелде Қазақстан халқының қаржы сауаттылығы жайлы қызық пікірлер айтылды.   «Елiмiзде 8,5 миллион зейнетақы шоты бар, ал салымшылар саны – 5 миллионға жуық. Бiрыңғай зейнетақы қоры құрылады деп хабарланған кезеңде көп салымшылар менi журналистер арқылы тауып алып, құқықтарының бұзылғанын айтты. Мәселен, бiр қордың салымшылары шоттарынан 7-8 миллион теңге жоғалғанын жеткiздi. Сөйтсе, зейнетақы қорында алаяқтық жасалып, салымшыны Ресейге көшiп кеткендей жалған төлқұжаттың көшiрмесiн жасап, артынан сенiмхат арқылы шоттағы салымын түгел шығарып алған. Ол салымшыға қорды сотқа берiңiз, сотта сiздi қоғамдық қорғаушы ретiнде қорғаймын дедiм. Зейнетақы қоры iле-шала әлгi келiншектi шақырып алып, сөйлескен. Екi аптадан кейiн қаржысын түгел қайтарып берген. Осы кезде халықтың қаржы сауаттылығы төмен екенін байқағанмын», – дейдi экономист, ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов.

Blog post image

«Бiздiң халықтың қаржылық сауаттылығы өте төмен деңгейде. Осыдан бiрнеше жыл бұрын республикалық арналардың бiрi ЦУМ дүкенiнiң маңында жүрген халықтан «ай сайын зейнетақы қорына аударылатын жалақы көлемiн бiлесiз бе?» деген сұрақ қойып, сұрау салды. Сөйтсе, 8 адамның iшiнен бiрi ғана «10 пайыз» деп дұрыс жауап берген», – дейді сарапшы Игорь Переверзев.

Шындығы сол, бүгінгі күні «қаржылық сауаттылық» түсінігі саяси, географиялық және әлеуметтік–экономикалық шектерден де тыс қолданылады, ал халықты қаржылық ағарту қажеттілігі геометриялық прогрессиямен өсіп келеді. Халықаралық қаржылық нарықтардағы тұрақсыздық және елімізде болған деваливация, банктерге жаслаған смс шабуылдар халық үшін қаржылық сауаттылықтың қажеттілігі мен маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеген болатын. Көптеген адамдар аз білгендіктен және қандай да бір қаржылық құралдарды және оларды пайдалануға байланысты тәуекел дәрежесіне дұрыс баға бермеуі себебінен банктерге сенімсіздік танытты.

Blog post image

Халықтың қаржылық сауатының деңгейі төмен болуы себебінен жеке қаржылық құралдар мен қаржылық нарықтың сегменттері елімізде өте нашар дамуда. Қаржылық сауаттылық - экономикалық саясатты тұрақтандыра түсуге және оны демеуге мүмкіндік береді, өйткені мемлекет қолданған шараны халық айқын түсінетін болады. Оған қоса, қаржылық сауаттылық қаржылық нарықтың дұрыс дамуының кепілі бола отырып және сол себептен қаржылық тұрақсыздықтың алғышарттарының пайда болуына жол бермей, қаржылық нарықтың тұрақты қызмет етуіне әсер етеді. Сондықтан, халықтың қаржылық сауатының деңгейін жоғарлату мәселесі макроэкономикалық көзқарастан да маңызды болып табылады. Қаржылық білімді ұштай түсу керек екендігін сезінудің өзі жаңа глобальді экономика құрудағы талаптардың бірі болып табылады. Микроэкономикалық деңгейде қаржылық сауаттылық адамдарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға, болашақ туралы ойлануға, өзінің өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға көмектеседі.Міне, "қаржылық мәдениет" бағдарламасының тағы бір маңыздылығы осында.

Дөңгелек үстелдің соңы баспасөз маслихатына ұласты. Банктың атқарушы директоры Михайл Ломтадзе тілшілердің қаржылық сауаттылыққа байланысты көптеген сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта, халықтың қаржылық мәдениетін көтеру үшін kaspi bank көптеген шараларды қолға алмақшы екен. Банктің бұл бастамасы бізді қуантты.

Blog post image

0
2414
0