Астанада әскери парадқа дайындық өтуде

МО РК 2014 M04 18
546
0
1
0

Бүгін тілшілер тобы ү.ж. 7 мамыр қарсаңында Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындыққа қатысты. 14 сәуірден бастап таңертеңнен кешке дейін 2,5 мыңнан астам сарбаз бен...

Бүгін тілшілер тобы ү.ж. 7 мамыр қарсаңында Астана қаласындағы «Қазақ елі» алаңында өтетін әскери парадқа дайындыққа қатысты.

14 сәуірден бастап таңертеңнен кешке дейін 2,5 мыңнан астам сарбаз бен офицерлер парадқа дайындалуда. 300-ге жуық техника бірліктері мен қару-жарақ салтанатты іс-шараға тартылады.

Лагерлік жиындарда әскердің барлық түрлері, сонымен қатар ІІМ, ТЖМ және ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысады.

Бұл парадтың басты ерекшелігі – оның технологиялық сипатында. Негізгі басымдық қазақстандық Армияның жаңа және заманауи үлгілеріне беріледі, - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұмабек Хасенов.

Лагер жиынының штаб бастығы полковник Қасымсейіт Өмірбеков парадқа қатысу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарындағы әскери қызметшілердің іріктелгенін атап өтті. Әскери қызметші әйелдер мен қыздар үшін арнайы іріктеу жүргізілді.

Алматыдағы 16194 ә/б сержанты Гүлжан Оразбаева іріктеудің өте қатаң өткенін айтты. Бойға ғана емес, моральдық-психологиялық рухының болуына да басым көңіл бөлінген.

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің гвардия старшинасы Елена Торгашина парадқа екінші мәрте қатыспақ. Оның айтуынша, ол әрдайым дене даярлығына көп көңіл бөледі. Қол күресінің тәсілдерін меңгерген, шаңғы спорты мен көпсайысқа қатысқан.

Ал ҚР ТЖМ 28237 бөлімінде қызмет өткеретін капитан Болат Молдағалиев үшін бұл алғашқы парад. «Менің еліміздің бас алаңында сап түзеп өтетінімді туған-туыстарым мақтанышпен айтады. Себебі, мұнда қатысушылар түкпір-түкпірден жиналды», - дейді ТЖ офицері.

Бас әскери парадқа дайындық жүргізуші Қайдар Қарақұловтың айтуынша, қазір бөлімшелердің біркелкі және оркестр үнімен үйлесе қимылдауы пысықталуда.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

1
Дальше