Бұрынғы әлем чемпионы Головкимен кездесуге ниетті

Kazsport agent 2014 M04 16
178
0
0
0

Орта салмақтағы WBA тұжырымының бұрынғы чемпионы француз  Хассан Н’Дам Н’Жикам WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкинмен жұдырықтасуға ниетті...

Орта салмақтағы WBA тұжырымының бұрынғы чемпионы француз  Хассан Н’Дам Н’Жикам WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкинмен жұдырықтасуға ниетті екенін айтты, — деп хабарлайдыTengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

«Мен қазір Головкинмен кездесуге дайындалып жатырмын. Ол орта салмақтағы әлемнің үздік боксшысы. Мен онымен осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында кездессем деген ойдамын», — дейді Н’Жикам.

Н’Дам Н’Жикам өзінің чемпиондық атағынан 2012 жылы америкалық боксшы Питер Куиллиннен жеңіліп қалған соң айырылған. Бұл француз боксшысының кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісі болатын.

Питер Куиллиннен жеңілген соң Н’Жикам екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де жеңіске жетті. Енді ол кезекті кездесуін 16 сәуірде колумбиялық Фульженцио Зунигиға қарсы өткізеді. Содан кейін француз Генадий Головкинмен кездесуге ниетті.

Бұған дейін Куиллин де Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтқан еді. Бірақ, ол қазақстандық боксшыға қарсы тек қомақты ақша ұсынылғанда ғана шығамын деген.

Геннадий Головкин болса өзінің соңғы жекпе-жегін ақпан айында өткізіп, ганалық боксшы Осуману Адаманы жеңген. Енді Головкиннің кезекті кездесуі 19 сәуірде АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. Оның қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес болмақ.

Тектес:Бокс
 

Оцените пост

0
Дальше