Теннис: Зарина Дияс Куала-Лумпурда WTA турнирінің ширек финалына өтті

Kazsport agent 2014 M04 16
218
0
0
0

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды sports.kz. Доданың екінші айналымында ол итальяндық теннисші...

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды sports.kz.

Доданың екінші айналымында ол итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Дияс әлемдегі ең үздік 100 теннисшінің қатарында. Ал итальяндық спортшы WTA рейтингісінің тек 237-орнында тұр.

Бұның алдында 20 жастағы З.Дияс бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0