Қостанай облысының ІІД-інде бірден 114 офицер мен сержант қызметке тағайындалды.

mvdgovkz 2014 M04 16
125
0
0
0

Қостанай облысының ІІД-інде бірден 114 офицер мен сержант қызметке тағайындалды. «ҚазАқпарат», 17.04.2014ж.Бүгін Қостанай облысының ІІД-де кадрлық қызметкерлердің тапшылығы бес есеге азайды.ІІД...

Қостанай облысының ІІД-інде бірден 114 офицер мен сержант қызметке тағайындалды. «ҚазАқпарат», 17.04.2014ж.
Бүгін Қостанай облысының ІІД-де кадрлық қызметкерлердің тапшылығы бес есеге азайды.ІІД бастығы Тілеген Маткеновтың бұйрығымен офицерлік және сержанттық құрам лауазымына бірден 114 офицер мен сержант тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Т.Маткенов аталмыш қызметтерге тек іріктеуден өткендердің ғана тағайындалғанын атап өтті.
«Әңгімелесу барысында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегендіктен, 600 үміткер өтпей қалды», - деді ол.
ІІД баспасөз қызметінде атап өткендей, кезектен тыс аттестаттау өткізілгеннен кейін жергілікті құқықтық тәртіп органдарында кадрлар жетіспеушілігі бес жүзден астам бірлікті құраған.

 

Оцените пост

0
Дальше