Халықтан заңсыз қаруларды сатып алуға бағытталған кезекті акцияға 321 млн. теңге бөлінді.

mvdgovkz 2014 M04 16
106
0
0
0

Халықтан заңсыз қаруларды сатып алуға бағытталған кезекті акцияға 321 млн. теңге бөлінді. «ҚазАқпарат», 17.04.2014ж.2014 жылғы 21 сәуірден бастап, республика аумағында халықта заңсыз сақтаулы тұрған...

Халықтан заңсыз қаруларды сатып алуға бағытталған кезекті акцияға 321 млн. теңге бөлінді. «ҚазАқпарат», 17.04.2014ж.
2014 жылғы 21 сәуірден бастап, республика аумағында халықта заңсыз сақтаулы тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі. "Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1299 қаулысымен бекітілген Азаматтар заңсыз сақтап келген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде өтеусіз тапсыру ережесіне сәйкес жүргізілетін болады.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2014 жыға 321,2 млн. теңге бөлінген», - деп жазылған хабарламада.
Министрліктің мәлім еткеніндей, акция бөлінген ақшалай қаражаттың толық игерілгенге дейін жалғаспақ. Заңсыз сақталған атыс қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттары бар азаматтар оларды акцияны өткізу кезінде ішкі істер органдарына ерікті түрде тапсыруға болады. Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау әрбір аумақтық ішкі істер органдарында жүргізілетін болады.
ІІМ өткізілетін акцияға тұрғындардың қолдауына және оған белсенді қатысуына сенім артады.
Өткен жылда өткізілген акцияның нәтижелері бойынша жалпы ішкі істер органдарына 7 мың азамат өтінішпен жүгінген, олармен ақшалай сыйақыға ерікті түрде 8 мың бірліктен астам атыс қаруы, 52 жарылғыш қондырғы, 76 келі жарылғыш зат, сондай-ақ шолақ мылтықтың 773 мың оғы тапсырылған. Осының арқасында 2013 жылы атыс қаруымен жасалған қылмыстар саны 11,4% төмендеген. 2014 жылдың 3 айында атыс қаруымен жасалған қылмыстар саны 19,8% азайған.

 

Оцените пост

0
Дальше