Әуе қорғанысы күштері әскери парадқа дайындалуда

МО РК 2014 M04 16
323
0
0
0

Талдықорған, Шымкент гарнизондарындағы 21751 және 55652 әскери бөлімдерінің авиациялық техникалары, ұшақтары мен тікұшақтары Қарағанды аэродромына шоғырланды. Бұл шара ағымдағы жылғы 7 мамырда Отан...

Талдықорған, Шымкент гарнизондарындағы 21751 және 55652 әскери бөлімдерінің авиациялық техникалары, ұшақтары мен тікұшақтары Қарағанды аэродромына шоғырланды.

Бұл шара ағымдағы жылғы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні өтетін әскери парадқа дайындық шеңберінде жүргізілді. Қазақстандық әскери ұшқыштар парадта әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндігін паш етіп, әуе ұрысының жаңа элементтері мен жоғары пилотажды көрсетеді.

Әскери парадта жоғары білікті ұщқыштар: полковниктер Қайрат Баймаханов, Нұрболат Топаев, Александр Соснин, Нұрлан Байдуллаев, Талғат Сыздықов, Рүстем Тілеумағамбетов, подполковниктер Ерлан Науанов, Александр Петручик, Тимур Омаров, Теміртас Ибраев Әуе қорғанысы күштерінің ұшу жетістігін көрсететін болады.

Ұшқыштардың дайындығына ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов басшылық жасауда.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше