Одаққа жаңа төрайым келді

МК РК 2014 M04 16
306
0
0
0

Айқын, 14.04.2014 Алматыда өткен Қазақстанның музыка қайраткерлерінің одағының кезектен тыс съезінде Одақтың жаңа төрағасы сайланды. Ұйымды басқаруды енді белгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева қолға...

Айқын, 14.04.2014

Алматыда өткен Қазақстанның музыка қайраткерлерінің одағының кезектен тыс съезінде Одақтың жаңа төрағасы сайланды.

Ұйымды басқаруды енді белгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева қолға алды.

«Осындай масштабтағы шаралар қазақ музыканттары мен орындаушыларын бір ортаға біріктіретін бірегей шара деп санаймын. Бұл ұйымды 25 жылдан астам уақыт қазақ классикасының корифейі Ермек Серкебаев басқарып келді. Сол уақыттан  бері ұйым шығармашылық бағытты қолдауда, музыканттардың кәсіби тұрғыдан өсуіне ықпал етіп келеді. Ендігі басшылық та осы үрдістен таймайды деген ойдамын», - деді жиында Мәдениет вице-министрі Асқар Бөрібаев.

 

Оцените пост

0