Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:16, 15 апреля 2014

Жауынгерлер ауылдарына аттанды

Ақмол елді мекеніндегі 44813 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген мерзімді қызметтің 35 жауынгерін туған ауылын шығарып салу рәсімі өтті.

Әскери қызметін өткеру барысында әскери қызметшілер әскери өмірдің барлық сынақтарына төзіп, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етті. Мемлекеттік нысандар мен астанамыздың бейбіт аспанан қорғауға өз үлестерін қосты. Өздеріне қойылған жауынгерлік тапсырмаларды лайықты атқарып жеке құрамның құрметіне бөленді.

Бүгін 44813 әскери бөлімінің жеке құрамы 7 мамырда Отан қорғаушылар күні өтетін Әскери парадқа қатысуға тыңғылықты дайындалуда. Әскери бөлім аталған шара кезінде айбатты зенитті-ракеталық кешенді көпшілікке көрсетіп, саптық даярлықтағы шеберліктерін танытатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
466
0