Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:30, 14 апреля 2014

ҚР Мәдениет министрлігі мен Бахрейн Корольдігінің Мәдениет министрлігі арасында мәдениет және өнер саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қойылды

Бахрейн  Королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифаның Қазақстанға ресми сапары барысында  Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Бахрейн Корольдігінің Мәдениет министрлігі арасында мәдениет және өнер саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қойылды.

Қазақстан тарапынан меморандумға Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі А. Мұхамедиұлы, ал бахрейндік тараптан Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Халид бин Хамад аль-Халифа қол қойды. Осы аталған меморандум Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени байланыстар дамуының жаңа кезенін білдіріп, екіжақты шартты-құқықтық негізін қалайды.

0
322
0