Зарина Диас үздіктер қатарындағы орнын сақтап тұр

Kazsport agent 2014 M04 14
151
0
0
0

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде әлемнің үздік жүз теннисшісінің қатарындағы орнын сақтап тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz...

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде әлемнің үздік жүз теннисшісінің қатарындағы орнын сақтап тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

20 жастағы Зарина Диас — 93-орында. Ал үздік теннисшілердің қатарындағы тағы екі отандасымыз Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева екі сатыдан төмен сырғыған. Қазақстанның бірінші ракеткасы Шведова 53-орыннан 55-орынға түссе, Воскобоева 63 орыннан 65 сатыға төмен түскен.

WTA тізімінде үздік 500 теннисшінің қатарындағы қазақстандықтардан Юлия Путинцева 157 орыннан 159 орынға, Сесиль Каратанчева 175-орыннан 179-орынға, Кәмила Керімбаева 292-сатыдан 296-сатыға төмен сырғыған.

Бұл аптадағы жаңартылған WTA тізімінің көшбасшылар қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші орынды америкалық теннисші қыз Серена Уильямс сақтауда. Екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікті польшалық теннисші Агнешка Радванска түйіндеп тұр.

 
 

Оцените пост

0
Дальше