ТЕННИС РЕЙТИНГІ: Қазақстандық қыздар мен жігіттердің жағдайы қалай?

Kazsport agent 2014 M04 14
145
0
0
0

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңарған рейтингісінің бірінші жүздігінде өздерінің орындарын сақтап қалды, деп жазады sports.kz. 14...

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңарған рейтингісінің бірінші жүздігінде өздерінің орындарын сақтап қалды, деп жазады sports.kz.

14 сәуірдегі жағдай бойынша, Кукушкин  56-шы, Голубев 59-орында. Сонымен бірге, бірінші жүздікте қазақстандық Александр Недовесов екі сатыға көтерілді — енді ол 75-орында. Бесінші жүздікте қазақстандық Евгений Королев үш сатыға — 448-орынға дейін көтерілді. Қазақстандық Денис Евсеев бұл рейтингте 608-орында. Жекелей сында рейтингті испандық Рафаэль Надаль бастап тұр, екінші — серб Новак Джокович, ал үшінші орында швейцариялық Станислав Вавринка тұр.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өткен аптада Әйелдер теннис қауымдастығының жекелей сындағы жаңартылған рейтингісінде бірінші жүздікте екі сатыдан жоғалтты.

14 сәуірдегі жағдай бойынша, Шведова — 55-ші, Воскобоева — 65-орында. Рейтингтің бірінші жүздігіне, сонымен бірге, Зарина Дияс кірді, ол 93-орнында. Рейтингтің екінші жүздігінде Юлия Путинцева 157-ші орыннан 159-шы орынға төмендеді. Сесиль Каратанчева 175-ші орыннан 179-шы орынға түсті.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0
Дальше