Ақмолалық полицейлер ерікті қоғамдық тәртіп сақшыларына сыйақы беруде.

mvdgovkz 2014 M04 14
149
0
0
0

Ақмолалық полицейлер ерікті қоғамдық тәртіп сақшыларына сыйақы беруде. «ҚазАқпарат», 15.04.2014ж. Ақмолалық полицейлер жыл басталғалы 126 ерікті қоғамдық тәртіп сақшысына 1 миллион теңгенің көлемінде...

Ақмолалық полицейлер ерікті қоғамдық тәртіп сақшыларына сыйақы беруде. «ҚазАқпарат», 15.04.2014ж.
Ақмолалық полицейлер жыл басталғалы 126 ерікті қоғамдық тәртіп сақшысына 1 миллион теңгенің көлемінде сыйақы жасаған. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні Ақмола өңіріндегі 220 қоғамдық құрылым мыңнан астам адамның басын біріктіреді. Бұлар негізінен полицияға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, шиеленіскен және ауыр қылмыстардың бетін ашу мен алдын алуға көмек қолын созатын азаматтар. Мұндай қоғамдық құрылымдар барлық жастағы адамдардың басын қосады. Әсіресе, олардың құрамынан жедел жастар отрядын, студенттер мен егде тартқан адамдарды жиі кездестіруге болады.

Ескере кететін бір жайт, бүгінгі күні қоғамдық тәртіппен қамтамасыз етуде жастардың еңбегі зор. Өйткені, жедел жастар отрядының құрамы негізінен 160-тан астам студент пен жас мамандардан тұрады.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жалпы құрамы 600 адамнан тұратын "Сақшы" атты құрылымдар жұмыс жасайды. Олардың негізгі қызметі біреудің мүлкін ұрлау немесе мал ұрлығы сияқты қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Биылғы жылдың басынан бері "Сақшы" мүшелерімен 104 қылмыстың беті ашылды.

Жалпы, ағымдағы жыл басталғалы белсенділік танытқан осындай азаматтарды көтермелеу үшін облыстық бюджеттен 4 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп отыр.

   

Оцените пост

0