Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:30, 14 апреля 2014

Балық ресурстарын қорғау шаралары жөнінде

2014 жылдың 9 сәуірінде Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Күршім ауданнының прокуратурасы мен полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, балық қорын қорғау шараларын жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы «Қызыл-ту» өткелінде «Газель» және «Mitsubisi Delica» автокөліктерін тексеруден өткізді.

«Газель» маркалы автокөліктің ішінде аулануының заңдылығын дәлелдейтін ешқандай құжаттары жоқ жалпы салмағы 1094 кг (125 кг көксерке, 150 кг шортан, 168 кг сазан, 460 кг табан, 191 кг мөңке) балық табылды.

«Mitsubisi Delica» автокөлігінде шығу тегінің заңды екендігін растайтын ілеспе құжатсыз жалпы салмағы 1907,6 кг (558 кг көксерке, 252 кг шортан, 443 кг сазан, 514 кг табан, 99 кг мөңке, 23 кг алабұға, 18,6 кг  нәлім) балығы тасымалданғаны анықталды.

Балық қорына келтірілген зиян 1 млн. 113 мың теңгені құрады.

Табылған балық уақытша сақтауға өткізілді.Аталған оқиғалар бойынша жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/3126-232/

0
212
0