Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:56, 14 апреля 2014

АТАУЫ ЕКІ БАСҚА, БІР ДҮНИЕ...

Blog post image

Дін, ең алдымен - тәртіп, дисциплина. Ал діндердің төресі - Ислам діні - тәртіптердің төресі.

Өмір - жақсылық пен жамандықтың тең үлесінен тұрады. Біреуі артып, біреуі кемісе, дисбаланс орнайды. Бұл табиғи заңдылық. Ғылым тілінде - "инь-янь" деп аталады.

Blog post image

Ал Ислам заңымен адам қашанда игі іс жасауға ұмтылуы тиіс. Діннің ұтқыр тұсы да осында. Діни заң-ережелерді қатаң ұстанған адам, белгілі бір нормалармен бекітілген ережелердің шегінен шықпауға тиіс. Дін мақсаты - игілікке ұмтылдыру болса, жамандық жасаудан бір елі алшақ тұруды үйретеді. Әсіресе, жамандығы артқан кезеңде адам баласы көңіліне - демеу, жанына - медеуді діннен іздейді. Яғни, басына қара бұлт үйірілгенде ғана адамның Тәңірді есіне алуы - "инь-янь" табиғи заңдылығын қуаттай түседі. Демек, діни заңдылық та, табиғи заңдылық та - атауы екі басқа бір дүние... 
Ал енді, субъективті пікірімді түсіндірейін: неліктен Ислам діні - діндердің төресі? 
Ғылым тілінде "Ғалам" деген ұғым бар. Психологтар, эзотериктер оны сіздің сан мың ойыңыздың кеңістігі деп түсіндіреді. Нақтырақ, кез келген ой "Ғалам" кеңістігіне автоматты түрде бағыт алады, және сонда іске асады. "Ой атаулы - материалды" деген пікір содан туындаған. Демек, жақсы ой - жақсы істің, жаман ой - жаман істің орындалуына себеп болады. Сондықтан, "Ғаламға" тек арман-тілектеріңізді жіберіңіз деп кеңес беретін рухани сала мамандары, жаман ойдан, жаман істен аулақ болуға бағыттайды. 
Ал "Ислам" дінінің "Ғаламы" - Аллаһ Тағала. Намазға жығылып, алақаныңызды жайып, тілек еткенде, сіз қалауыңызды елестетесіз, демек ойлайсыз. Құдіреті күшті Алладан оның орындалуын сұрайсыз. Демек, "Ғаламға" сауал жолдағаныңыз. Тілегіңіздің орындалуы - сіздің игі ойыңыздың, игі амалыңыздың жемісі, дінде - Алланың, ғылымда - Ғаламның тілегіңізді қабыл алғаны. Атауы екі басқа бір дүние...

Blog post image

Негізінде, бір ғана заң бар. Гуманизм заңы. Идеясы: игілікке, адамгершілікке, жақсылыққа толы өмір сүру. Осы идеяны өздігінше үгіттейтін бірнеше жол бар. Ол - "Ғалам" туралы ғылым, ол - табиғи заңдылық, ол - "Ислам", "Христиан", "Будда", ол - ұлттық тәрбие. Әркім өз қалауына қарай жол таңдайды. Және ешкімнің де екінші бір адамға жиіркенішпен, менсінбеушілікпен қарауға қақысы жоқ. Себебі, ол адамның жолы басқа болғанмен, жетер пункті - сіздікімен бірдей - гуманизм екенін ұмытпаңыз! 
Blog post image
ПыСы немесе "Айтпағым не?": 
Бүгінде намазға жығылдым, Алла жолына түстім деп, гипнозға түскен пациентке ұқсап кетіп бара жатқан жасөспірім қаншама. Білімге келсек, тек діни сауаттылықты ғана жөн көріп, өзгесін көзіне де, санасына да іліктірмейді, махаббатқа келсек, хиджабты қыз бен сақалды жігітті іздеп, адамның ішкі жан дүниесіне, ішкі әлемінің кереметтілігіне үңілмейді, себебі көз алдында "сақалды-хиджаб" отбасының ғана образы тұрады да қояды, ұлттық құндылықтарға тіпті мән бермейді: қазақ қызының бұрымымен сүйкімді болғанын, ер жігіттің сақалы қырық күннен асқанда қырқылу керектігін ұмытқан, "музыка-сурет - харам" деп, фанатизмге бой алдырып, Тәңір бойына дарытқан талантты өз қолымен өшіреді, дін жолында жихад жасадым деп, түк түсінбестен, көр соқырға айналып, ата-анасына, қандас бауырына, ұлтына, еліне қарсы шығады. Небір сорақылықтарының бетін қасиетті "Ин ша Аллах", "Ма ша Аллах", "Әлхамдулиллаһ"-тармен жауып жүргендерден тіпті қорқамын.

Мен дінге қарсы шығып жатқаным жоқ, дұрыс түсініңіз! Ондайдан Құдай сақтасын! Мен діннің де, табиғи заңдылықтың да, "Ғалам" туралы түсініктің де, ұлттық тәрбиенің де тізгінін тең ұстай аламын, барлығын бір жолға тоғыстыра аламын. Олардың БІР нәрсе екенін ұғына аламын.

(с) Гуманизм жақтаушысы - Назгүл Назар.


0
641
0