Қарағанды облысының үздік тергеушісіне ноутбук сыйланды.

mvdgovkz 2014 M04 13
134
0
0
0

Қарағанды облысының үздік тергеушісіне ноутбук сыйланды. «BNews.kz», 14.04.2014ж. Қарағанды облыстық ІІД 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша полицияның аға...

Қарағанды облысының үздік тергеушісіне ноутбук сыйланды. «BNews.kz», 14.04.2014ж.
Қарағанды облыстық ІІД 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша полицияның аға лейтенанты Саят Сатанов үздік тергеуші болып танылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ж.Сембеков хабарлады.

ІІД тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша, үздік тергеушіні анықтауда кәсібилігі мен жұмысының нәтижесі басшылыққа алынған. Үздік тергеушіге ноутбук сыйға тартылды.

Бұған қоса ҚР ІІМ бұйрығымен өз міндетін мүлтіксіз орындаған екі полицей «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, ал тағы екі полицей ҚР ІІМ құрмет грамотасымен марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар берілді.

 

Оцените пост

0
Дальше