Павлодарда ІІД жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің слеті өтті.

mvdgovkz April 13, 2014
109
0
0
0

Павлодарда ІІД жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің слеті өтті. «BNews.kz», 14.04.2014ж. Облыстық ішкі істер департаментінде жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің слеті өтті. Кезекті кездесуге...

Павлодарда ІІД жас қызметкерлері мен тәлімгерлерінің слеті өтті. «BNews.kz», 14.04.2014ж.
Облыстық ішкі істер департаментінде жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің слеті өтті. Кезекті кездесуге жүздеген тәжірибелі ішкі істер органының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері, ардагерлер жиналды. Аға буын өздерінің кәсіби жетістіктерін айтып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шараны ішкі істер департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н. Жүнүсов ашты. «Баршаңызға Отан алдындағы қызметімізге жетістік тілеуге рұқсат етіңіздер. Жастарды тәрбиелеу ісі - қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Елбасының қойған аса маңызды тапсырмасы. Осы мәселе әр азаматпен бірлесіп атқарылуы қажет. Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты - моральді-психологиялық тұрғыдан жан-жақты болуды қалыптастыру», - деді ол.

Слет жұмысына ҚР ішкі істер министірлігінің «Интерпол» бастығы, полиция подполковнигі М. Мерей қатысып, жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне мадақтау грамотасы мен алғыс хаттар табыс етті.

Ардагерлер және тәлімгерлер кеңесінің өзара әрекеті жайлы облыстық ішкі істер бөлімінің ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары және отставкадағы милиция полковнигі В.Гаврилов баяндады. Ол жеке құрамға жоғары буынның дәстүрін сақтап, қылмыспен күресте ерлікпен атқаруды және азаматтардың тыныштығы мен ынтымағын қорғауды тіледі.

Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың Тараз қаласында 2011 жылдың 11 қараша күні жасаған ерлігі мен батырлығы, террористік акт барысында қаза болғаны жайлы бейнефильм көрсетілді.

Слеттің соңында полиция жас қызметкерлері және олардың тәлімгерлері қызмет өткеру барысында қаза болған азаматтардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

   

Оцените пост

0