Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:33, 13 апреля 2014

Жанкүйермен соқтығысқан «Астана» велошабандозы жарақаттанып қалды

Blog post image

«Астана» велоклубының шабандозы Алессандро Ванотти 5-ші кезең басталғанға дейін басков елдерінің турына қатыса алмайды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Мен 5 шақырым жылдамдықпен кезең алдындағы қол қою рәсімінен келе жатқанда, алды-артына қарамай жолды кесіп өткен көрерменнің бірі мені қатты соғып, құлатып кетті. Ол тіпті артына бұрылып, халімді сұрауға да жараған жоқ. Мен сол шынтағыммен құладым, жаман бірдеңе болғанын бірден сездім. Жолға тас төселген, сол қолым тастың қырына қатты соғылды. Тасқа соғылмағанда, жарысты жалғастырар ма едім, кім білсін», — деген А. Ваннотидің сөзі келтірілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Велошабандоз рентгенографияға түсіп, емделу үшін жергілікті ауруханаға жеткізілді, бүгін ол дәрігерлермен кеңесу үшін Италияға ұшып кетеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оның команда бойынша жолдасы Микель Ланда жарыстың негізгі майталмандар тобымен мәреге 8-ші болып жетті.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат -
 
0
199
0