«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында кадеттіктер тағылымдамадан өтті

МО РК 2014 M04 12
233
0
0
0

«Шығыс» өңірлігіне қарасты 10810 мен 40398 әскери бөлімдерінде Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусының 48 кадеті 3 ай бойы әскери тағылымдамадан өтті. Жыл сайын өткізілетін тағылымдаманың мақсаты...

«Шығыс» өңірлігіне қарасты 10810 мен 40398 әскери бөлімдерінде Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусының 48 кадеті 3 ай бойы әскери тағылымдамадан өтті.

Жыл сайын өткізілетін тағылымдаманың мақсаты сержанттардың кәсіби білімдерін, машықтарын бекіту, әрі жетілдіру, сондай-ақ практикалық бағытын арттыру болып табылады. Сол арқылы атқаратын лауазымының міндеттерін орындаудағы кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетін меңгеруге септігі тиеді.

Тағылымдамадан өту кезінде кадеттіктер мотоатқыштар бөлімшелері мен танк командирлерінің лауазымдарын атқарды. Бөлімшелерде жауынгерлік және арнайы даярлық пәндері бойынша сабақтар өткізді.

Әр айдың соңында бөлімше сержанттары тактикалық, ату, дене, арнайы, саптық даярлықтары, жауынгерлік көліктерді жүргізу, жаппай зақымдау қаруынан қорғану, жалпыәскери жарғылар және мемлекеттік-құқықтық даярлық сынды жауынгерлік пәндерден сынақ тапсырды.

-       Кадеттіктердің басым бөлігінің жеке құраммен тәрбие жұмыстарын сауатты атқарғандарын атап өткен жөн. Бағынысындағылардың жеке психологиялық және жас ерекшеліктерін ескерер болсақ, тағылымдамадан өтушілер әскери қызметшілерді оқыту және тәрбиелеудің негізі қағидаттарын практикалық тұрғыдан қолдана білді, - деп атап өтті сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі топ бастығы штаб-сержант Болат Жайсаңбаев.

Әскери тағылымдамадан өту Кадет корпусындағы оқу кезеңінің аяқталар тұсы және жеке-жеке біліктіліктерін арттыруға ықпал ететін Құрлық әскерлерінің кіші команидирлерін сапқа енгізудің бастапқы кезеңі болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0