СҚО-да жас инспекторлар жол полицейлеріне көмек көрсетуде.

mvdgovkz April 10, 2014
159
0
0
0

СҚО-да жас инспекторлар жол полицейлеріне көмек көрсетуде. «BNews.kz», 11.04.2014ж. Солтүстік Қазақстан облысында жас инспекторлар полицейлерге «Назар аудар – бағдаршам!» республикалық алдын алу...

СҚО-да жас инспекторлар жол полицейлеріне көмек көрсетуде. «BNews.kz», 11.04.2014ж.
Солтүстік Қазақстан облысында жас инспекторлар полицейлерге «Назар аудар – бағдаршам!» республикалық алдын алу шарасын өткізуге көмек көрсетуде. Қала мектептерінің жас инспекторлар жасағының мүшелері осылайша облыста жол апатын азайтуға үлес қосуға ынта танытқан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.   

Жас инспекторлар жасағының мүшелері Интернациональный, Болатбаев көшелерінің көлік көп жүретін жерінде жүргізушілерге нұсқаулықтар таратып, рөлге отырғанда сақтық таныту қажеттігін еске салуды да ұмытпады.

Жалпы «Назар аудар – бағдаршам!» республикалық алдын алу шарасы басталғалы 9 күнде солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 2436 оқиғасын анықтады. Соның ішінде 353-і жылдамдықты асыру фактісі, жаяу жүргіншілер тарапынан 415 заңбұзушылық орын алған. Қауіпсіздің белбеуін ілмеген 443 адамға қатысты әкімшілік материал жиналды. Көлікті мас күйінде басқарған 50 жүргізуші ұсталған.

«Назар аудар – бағдаршам!» республикалық шарасы 30 сәуірде аяқталады. Осыған қоса облыста 10-25 сәуір аралығында «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр.

СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметі бойынша, жыл басынан облыс жолдарында 51 көлік апаты орын алып, салдарынан 8 адам мерт болды және 64 адам жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда апаттардың саны азайғаны байқалады.

Оцените пост

0