место в рейтинге
  • 716075
  • 44
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Арыстан» – Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

Шайбалы хоккейден Теміртаудың «Арыстаны» биылғы маусымдағы ел чемпионатының қола жүлдегері атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шешуші кезеңі плей-офф жүйесімен өтіп жатқан ел чемпионатының ақтық ойындары сәуірдің басында басталған. Қола жүлде үшін Теміртаудың «Арыстаны» мен Атыраудың «Бейбарысы» кездесіп, екеуара дода өте тартысты өтті. Үш жеңіске дейін өтуі керек болған додада бес ойын толық ойналды. Жалпы есеп – 3:2.

Сөйтіп, «Арыстан» алғаш рет ел чемпионатының жүлдегері атанып, қола медаль жеңіп алды. Бұл жүлдеге «Арыстан» бірден қол жеткізді деп айта алмаймыз. Теміртау клубы үш жыл қатарынан үшінші орын үшін додаға түсіп, алғашқы екеуінде жолы болған жоқ.

2011/2012 жылдар маусымында қола жүлдені «Сарыарқамен» сарапқа салып, 0:3 есебімен есе жіберіп алған болатын. Ал 2012/2013 жылдар маусымында Көкшетаудың «Арланымен» қола жүлдеге таласып, 1:3 есебімен ұтылып қалған-ды.
«Ер кезегі үшке дейін» дегендей, Вячеслав Белан жаттықтыратын теміртаулықтар биыл үшінші мүкіндіктерінде алғаш рет ел чемпионатының жүлдегері атанып отыр.

Қола жүлде оңайлықпен келген жоқ. Алғашқы екі ойын 2-3 сәуірде Атырауда өтті. Бірінші кездесуде «Бейбарыс» 4:1 есебімен басымдық танытты. Екінші матч шектен тыс шиеленісті өтіп, ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Овертаймда Теміртау клубының бағы жанып, «Арыстан» 3:2 есебімен жеңіске жетті, Сөйтіп, жалпы есепте таразы басын теңестірді.

Бұдан кейінгі екі матчтың ысқырығы 6-7 сәуірде Теміртауда безілдеді. Үшінші ойында Александр Истомин жаттықтыратын «Бейбарыс» айдын иелерін 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Бірақ «Арыстан» да айылын тартпады. Төртінші матчта 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепті тағы да теңстірді.

Негізі, бесінші ойын Атырауда өтуі керек болатын. Бірақ 3 сәуірдегі ойында жергілікті атыраулық жанкүйерлер тәртіп сақтамаған. ҚР шайбалы хоккей федерациясының мәлімдеуінше, көрермендер мұзайдынға әр түрлі заттар лақтырып, төрешілерге былапыт сөздер айтып, сес көрсеткен. Сондықтан бесінші, яғни шешуші ойын бүгін Астанада өтті.

Бесінші матч та аса тартысты өтіп, жеңімпаз негізгі уақытта анықталмады. Овертаймда тағы да «Арыстанның» асығы алшысынан түсіп, 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы, «Арыстан» мен «Бейбарыс» арасындағы бес ойында өте тартысты өтті. Тіпті хоккейшілердің дөрекілік танытқан сәттері де болды. Айбынды «Арыстан» күш-қайратының арқасында тәжірибелі «Бейбарыстан» басым түсті.

Үшінші орын үшін. (үш жеңіске дейін).
/3/ «Бейбарыс» (Атырау) – /4/ «Арыстан» (Теміртау – 2:3 (4:1, 2:3 ОТ, 4:0, 1:3, 4:5 ОТ)

P.S.
Ал финалда Павлодардың «Ертісі» мен Көкшетаудың «Арланы» кездесуде. Төрт жеңіске дейін созылатын ақтық матчта екпінді «Ертіс» азулы «Арланға» еңсе көтертер емес. Жалпы есеп – 3:0. Алда – «Ертіс».

Тектес:Хоккей
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Хоккей
Көрілген: 80    Пікірлер: 0  
   
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
11 апреля 2014, 9:49
84

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 45965
  • 22
Уятмены снова в деле. Танец обнаженных монашек возмутил пользователей Казнета

Уятмены снова в деле. Танец обнаженных монашек возмутил пользователей Казнета

Видео из столичного клуба, попавшее в Интернет, возмутило пользователей Казнета. Причиной такой реакции стало содержимое ролика – девушки гоу-гоу в костюмах монашек танцуют...
Washington
16 мая 2017 / 10:49
  • 8505
  • 31
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5012
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4453
  • 57
Телохранитель корейского президента сводит мир с ума

Телохранитель корейского президента сводит мир с ума

И телохранители могут быть секс-символами! 36-летний охранник нового президента Южной Кореи Мун Чжэ Ина стал невероятно популярным в последнее время.
Seattle
16 мая 2017 / 16:49
  • 3984
  • 13
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3711
  • 8
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3507
  • 30
Нью-Йорк — другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк — другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3097
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3247
  • 62