Ішкі тауар өнімі де артпайды, импортқа және мұнайға тәуелділік те төмендемейді

saulen 2014 M04 11
313
0
1
0

Санкциялар мүмкін емес, себебі болған жағдайда бумеранг тәрізді шектеу қойып отырған елдердің өздеріне тиеді деген кейбір Россия эксперттерінің тұжырымдамалармен келіспеймін. Әрине АҚШ және басқа...


Санкциялар мүмкін емес, себебі болған жағдайда бумеранг тәрізді шектеу қойып отырған елдердің өздеріне тиеді деген кейбір Россия эксперттерінің тұжырымдамалармен келіспеймін. Әрине АҚШ және басқа да Европа елдеріне Россияға жасалар экономикалық блокаданың әсері болады, оны ешкімде ешқашан жоққа шығарған емес. Прагматикалы батыс экономистері экономикалық есеп – қисапта кейбір ұтымсыз қадамдарға баруға тура келетінін салқынқандылықпен қабылдап отыр. Басты себеп, Россия батыс экономикасына, батыс экономикасы Россия экономикасына қарағанда әлдеқайда тәуелді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Россия экспортының Европалық Кеңес елдеріне, Россияның ішкі жалпы өніміне шаққандағы үлесі 13,5 пайызды құраса, Европа елдерінің Россияға бағытталған экспортының үлесі Европа елдерінің ІЖӨ - нің 0,8 пайызын құраған. Қысқасы, Европа елдері Россия үшін 17 есе маңыздырақ. Импорттық көрсеткіштерді салыстыратын болсаңыздарда шамамен осындай қорытындыға келесіз. 
Әрине, Россия газы Европа үшін аса маңызды, үйреншікті энергия көзі. Бірақ Европаның соңғы жылдары өз – өзін газбен қамтамасыз етудің басқа көздерін іздеп жатырғанын ескеру керек. 
Күткендей санкциялар өз кезегінде іске асырылуда. Кейбір Россия банктарына байланысты шаралар алынуда, олардың рейтингілік болжамдарындағы өзгерістер, сәйкесінше Россия компанияларының шет елдік қарыздарының бағамына тікелей әсер етуде. Россияның басты экспорт көзі саналатын қару – жарақ сатуынада шектеме қойылды.
Осындай жағдайда, кейбір саясатшылардың Россияға байланысты санкциялар ішкі өнімнің өсуіне әкеп соғады, санкциялардың зиянынан пайдасы көп дегенде пікірлері естілуде.
Мысал ретінде айтатын болсақ, Россияның ұлттық төлем жүйесін енгізу туралы шешімін Россия телеканалдарының жарыса жарнамалауы. Бәлкім шынындада халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелерінің қажеті жоқ болар? Мысалы, Қытай 2002 жылдан бастап UnionPay атты төлем жүйесін енгізді емес пе. Бірақ, ескеретін жайт, Россия тұрғыны шаруасымен иә демалысқа шет елдерге бара қалса аталмыш жүйелерге байланысты төлем карточкаларымен төлем жасай алмайды, «интернет - сатып алуға» мүмкіндігі болмайды. Қытайдың тәжірбесін мысалға келтіргенде Россия эксперттері, ол елге ешкімнің санкциялық шаралар қолданбағанын, UnionPay жүйесінің 141 елде карточкалары қабылданатынын айтпайды. Ескеретін жағдай, бұл төлем жүйесінің халықаралық статус алғаны, ішкі нарықтағы (Қытайдағы) қолданыс аясының кеңейуіне алып келді.
Әрине, Россияныңда өз төлем жүйесін енгізуіне толық мүмкіндігі бар. Бар әңгіме бұл қадамның тиімділігінде. Егер осы тәріздес шешімдер нарықтың талабымен емес, жоғарыдан түсірілген тапсырма негізінде іске асатын болса, тиімді нәтиже күту екіталай.
Россияның ГЛОНАСС – қа байланысты шешімдер тізімін мысалға келтіруге болады. Естеріңізде болса, 2001 – 2011 жылдары осы бағдарламаға 102 млрд. рубль бөлінді. Ал жоспар бойынша 23,6 млрд. Жүйе 5 есе қымбатқа шықты. Сочи Олимпиадасының бастапқы құны 314 млрд. рубль болса, ақыры 1,5 трлн. рубль жойылды. Мемлекеттің араласуымен жүзеге асырылатын жобалардың сметалақ құны шамамен 5 есе қымбатқа шығады. Неге? ГЛОНАСС – қа қосымша 346 млрд. рубль бөлінбекші. Бұл жобаға байланысты қылмыстық істердің бар екенін ескерсек, GPS – ке балама жүйенің жақын арада пайда боларына күмәнім бар. Бірнеше жыл бұрын А. Чубайс Россия басшыларына отандық планшетті ұсынымдаған болатын. Бірақ, сол Россия планшетін тауар сөрелерінен әлі күнге дейін көре алмайсыз. Жұмбақ.
Соңғы мезгілдегі Россияның негізгі тренді – өз өнімділігін көтеру үшін, шет елден келетін тауарларға шектеу қою. Мысал ретінде Россия Үкіметінің министрлігі дайындаған Қаулы жобасы негізінде, 2014 жылдың 1 апрелінен медициналық аппараттарды сатып алуға тиым қойылмақшы. Ол дегеніміз, дүние жүзіне әйгілі брендтер шығаратын томографтардың, дефибриляторлардың, рентген аппараттарының т.б. орнына россиялық аналогтарға көшу. Бұндай перспектива маған ұнап тұрған жоқ. Кеңес дәуіріндегі ауруханалардың материалды – техникалық базасы естеріңізде шығар?
Сондықтан, санкциялар ішкі өнімді өндіруге жағдай жасайды, мұнайға тәуелділіктен құтыламыз деп бөріктерін аспанға лақтырып жүрген эксперттерге айтарым: Россияда 2000 жылдары мұнайға тәуелділік тек артты, ө.ғ 90 жылдарындағы реформалар салдарынан күйзеліс, құлдырау кезеңінен көз ашпаған ғылыми – техникалық потенциалдарыңыз әлі де болса төмен, экономикаларыңыз конкурентті тауар шығаруға дайын емес, экономикалық жағдайларыңыз да мәз емес. Бұл, россиялықтар еш тауар шығара алмайды деген сөз емес. Бірақ «изоляция - экономикаға жақсы» принципін іске асырсаңыздар тауар шығаруға негізделген бар мүмкіндіктеріңізден айырылып қалуларыңыз ғажап емес. Себебі, экономикасындағы фундаменталды проблемалардың бірі – ішкі конкуренттік ортаның қалыптаспауы. Импортпен конкуренция қалай болғанда да отандық тауар өндірушулерді тонуста ұстап тұруға ықпал етеді. Кеден одағы аясында Қазақстанныңда Беларусияныңда экспорттық мүмкіндіктері шектеулі екенін естен шығармаған абзал.
Өздеріңізге белгілі, Иран өзінің ядролық амбициясынан қайтты. Себебі, оған қарсы экономикалық санкциялар орнатылған болатын. Бұл елдің де, шектеулер енгізілгеннен кейін, ішкі тауар өнімін арттырамыз, импортқа және мұнайға тәуелділігіміз төмендейді деген қиялдары іске аспады. Мұнай экспорты 60 пайызға төмендеді, Иран риалы қатты девальвацияға ұшырады, өмір деңгейі төмендеді. Халықаралық валюта қорының бағамы бойынша 2011 жылы Иранның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға өссе, 2012-2013 жылдары сәйкесінше 1,9 және 1,5 пайызға төмендеген. Осыдан қорытынды шығарған Иран ресми түрде атом ядролық қаруын шығарудан бас тартты. Сәйкесінше санкциялар да алынуда.
Фотография: Ішкі тауар өнімі де артпайды, импортқа және мұнайға тәуелділік те төмендемейді Санкциялар мүмкін емес, себебі болған жағдайда бумеранг тәрізді шектеу қойып отырған елдердің өздеріне тиеді деген кейбір Россия эксперттерінің тұжырымдамалармен келіспеймін. Әрине АҚШ және басқа да Европа елдеріне Россияға жасалар экономикалық блокаданың әсері болады, оны ешкімде ешқашан жоққа шығарған емес. Прагматикалы батыс экономистері экономикалық есеп – қисапта кейбір ұтымсыз қадамдарға баруға тура келетінін салқынқандылықпен қабылдап отыр. Басты себеп, Россия батыс экономикасына, батыс экономикасы Россия экономикасына қарағанда әлдеқайда тәуелді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Россия экспортының Европалық Кеңес елдеріне, Россияның ішкі жалпы өніміне шаққандағы үлесі 13,5 пайызды құраса, Европа елдерінің Россияға бағытталған экспортының үлесі Европа елдерінің ІЖӨ - нің 0,8 пайызын құраған. Қысқасы, Европа елдері Россия үшін 17 есе маңыздырақ. Импорттық көрсеткіштерді салыстыратын болсаңыздарда шамамен осындай қорытындыға келесіз. Әрине, Россия газы Европа үшін аса маңызды, үйреншікті энергия көзі. Бірақ Европаның соңғы жылдары өз – өзін газбен қамтамасыз етудің басқа көздерін іздеп жатырғанын ескеру керек. Күткендей санкциялар өз кезегінде іске асырылуда. Кейбір Россия банктарына байланысты шаралар алынуда, олардың рейтингілік болжамдарындағы өзгерістер, сәйкесінше Россия компанияларының шет елдік қарыздарының бағамына тікелей әсер етуде. Россияның басты экспорт көзі саналатын қару – жарақ сатуынада шектеме қойылды. Осындай жағдайда, кейбір саясатшылардың Россияға байланысты санкциялар ішкі өнімнің өсуіне әкеп соғады, санкциялардың зиянынан пайдасы көп дегенде пікірлері естілуде. Мысал ретінде айтатын болсақ, Россияның ұлттық төлем жүйесін енгізу туралы шешімін Россия телеканалдарының жарыса жарнамалауы. Бәлкім шынындада халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелерінің қажеті жоқ болар? Мысалы, Қытай 2002 жылдан бастап UnionPay атты төлем жүйесін енгізді емес пе. Бірақ, ескеретін жайт, Россия тұрғыны шаруасымен иә демалысқа шет елдерге бара қалса аталмыш жүйелерге байланысты төлем карточкаларымен төлем жасай алмайды, «интернет - сатып алуға» мүмкіндігі болмайды. Қытайдың тәжірбесін мысалға келтіргенде Россия эксперттері, ол елге ешкімнің санкциялық шаралар қолданбағанын, UnionPay жүйесінің 141 елде карточкалары қабылданатынын айтпайды. Ескеретін жағдай, бұл төлем жүйесінің халықаралық статус алғаны, ішкі нарықтағы (Қытайдағы) қолданыс аясының кеңейуіне алып келді. Әрине, Россияныңда өз төлем жүйесін енгізуіне толық мүмкіндігі бар. Бар әңгіме бұл қадамның тиімділігінде. Егер осы тәріздес шешімдер нарықтың талабымен емес, жоғарыдан түсірілген тапсырма негізінде іске асатын болса, тиімді нәтиже күту екіталай. Россияның ГЛОНАСС – қа байланысты шешімдер тізімін мысалға келтіруге болады. Естеріңізде болса, 2001 – 2011 жылдары осы бағдарламаға 102 млрд. рубль бөлінді. Ал жоспар бойынша 23,6 млрд. Жүйе 5 есе қымбатқа шықты. Сочи Олимпиадасының бастапқы құны 314 млрд. рубль болса, ақыры 1,5 трлн. рубль жойылды. Мемлекеттің араласуымен жүзеге асырылатын жобалардың сметалақ құны шамамен 5 есе қымбатқа шығады. Неге? ГЛОНАСС – қа қосымша 346 млрд. рубль бөлінбекші. Бұл жобаға байланысты қылмыстық істердің бар екенін ескерсек, GPS – ке балама жүйенің жақын арада пайда боларына күмәнім бар. Бірнеше жыл бұрын А. Чубайс Россия басшыларына отандық планшетті ұсынымдаған болатын. Бірақ, сол Россия планшетін тауар сөрелерінен әлі күнге дейін көре алмайсыз. Жұмбақ. Соңғы мезгілдегі Россияның негізгі тренді – өз өнімділігін көтеру үшін, шет елден келетін тауарларға шектеу қою. Мысал ретінде Россия Үкіметінің министрлігі дайындаған Қаулы жобасы негізінде, 2014 жылдың 1 апрелінен медициналық аппараттарды сатып алуға тиым қойылмақшы. Ол дегеніміз, дүние жүзіне әйгілі брендтер шығаратын томографтардың, дефибриляторлардың, рентген аппараттарының т.б. орнына россиялық аналогтарға көшу. Бұндай перспектива маған ұнап тұрған жоқ. Кеңес дәуіріндегі ауруханалардың материалды – техникалық базасы естеріңізде шығар? Сондықтан, санкциялар ішкі өнімді өндіруге жағдай жасайды, мұнайға тәуелділіктен құтыламыз деп бөріктерін аспанға лақтырып жүрген эксперттерге айтарым: Россияда 2000 жылдары мұнайға тәуелділік тек артты, ө.ғ 90 жылдарындағы реформалар салдарынан күйзеліс, құлдырау кезеңінен көз ашпаған ғылыми – техникалық потенциалдарыңыз әлі де болса төмен, экономикаларыңыз конкурентті тауар шығаруға дайын емес, экономикалық жағдайларыңыз да мәз емес. Бұл, россиялықтар еш тауар шығара алмайды деген сөз емес. Бірақ «изоляция - экономикаға жақсы» принципін іске асырсаңыздар тауар шығаруға негізделген бар мүмкіндіктеріңізден айырылып қалуларыңыз ғажап емес. Себебі, экономикасындағы фундаменталды проблемалардың бірі – ішкі конкуренттік ортаның қалыптаспауы. Импортпен конкуренция қалай болғанда да отандық тауар өндірушулерді тонуста ұстап тұруға ықпал етеді. Кеден одағы аясында Қазақстанныңда Беларусияныңда экспорттық мүмкіндіктері шектеулі екенін естен шығармаған абзал. Өздеріңізге белгілі, Иран өзінің ядролық амбициясынан қайтты. Себебі, оған қарсы экономикалық санкциялар орнатылған болатын. Бұл елдің де, шектеулер енгізілгеннен кейін, ішкі тауар өнімін арттырамыз, импортқа және мұнайға тәуелділігіміз төмендейді деген қиялдары іске аспады. Мұнай экспорты 60 пайызға төмендеді, Иран риалы қатты девальвацияға ұшырады, өмір деңгейі төмендеді. Халықаралық валюта қорының бағамы бойынша 2011 жылы Иранның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға өссе, 2012-2013 жылдары сәйкесінше 1,9 және 1,5 пайызға төмендеген. Осыдан қорытынды шығарған Иран ресми түрде атом ядролық қаруын шығарудан бас тартты. Сәйкесінше санкциялар да алынуда.
     

Оцените пост

1
Дальше