Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:32, 09 апреля 2014

Өскеменде қылмыстың алдын алуды полиция шенеуніктермен бірге атқарады.

Өскеменде қылмыстың алдын алуды полиция шенеуніктермен бірге атқарады. «BNews.kz», 10.04.2014ж.
Өскеменде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша 12 жұмыс тобы құрылды. Оған қала әкімдігінің істерін басқару филиалдарының директорлары, ІІБ учаскелік инспекторлары және прокуратура қызметкерлері кіреді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл шара азаматтардың заңды мүддесі мен құқықтарын құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, ҚР «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заңына сәйкес құқықбұзушылықты ескерту және алдын алуды көздейді. Жаңа құқықтық әрекеттестік кез келген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді, тіпті тұрғындардың өздері де осы топқа хабарласуына болады. Учаскелік инспектор мен прокурор бір жерде филиал аумағында болады. Кеңсе, арнайы техника және жиһаз мәселелері шешілді», - дейді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

«Бұған дейін әкімдіктің бастамасымен Қоғамдық кеңес құрылған болатын, оның құрамына атқарушы билік, БАҚ өкілдері, депутаттар, еңбек және құқық қорғау органдарының ардагерлері, жастар кіреді. Ол субъектілердің өзара әрекеттестіәгін арттыруды негізге алып сол арқылы қаладағы қылмыс пен құқық бұзушылық деңгейін төмендетуді мақсат тұтады. Ал қоғамдық тәртіп қауіпсіздік пен гүлденудің кепілі екені баршаға мәлім», - дейді қала әкімінің баспасөз қызметкері Лариса Поломошнова.

 
0
255
0