Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:24, 09 апреля 2014

Павлодарлық волейболшы қыздар күмісті місе тұтты

Blog post image

Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық лиганың күміс жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.

Биылғы чемпионатта «Ертіс» әйелдер клубы бас бәйгеден үмітті болатын. Алайда алтын бұйырмай, бірнеше ұпайы кем павлодарлық волейболшы қыздар күмісті місе тұтты. Салтанатты марапаттау рәсіміне танымал спортшылар мен аға буын ардагерлер қатысты. Аймақ басшылары жаңа маусымда танымал спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Дүйсенбай Тұрғанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда тек қана волейболға ғана емес,сонымен қатар
, басқа да спорт түрлеріне де жақсы көңіл бөлініп жатыр. Бүгін үлкен мереке, волейболшы қыздарымыз жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Келесі жылы бірінші орынды иеленеміз деп үмітеніп отырмыз.
Елена Эзау, «Ертіс-Қазхром» ойыншысы:
- Толқып тұрмын. Біздің команда ең үздік атанды, тырысып бақтық. Бұл медаль біз үшін алтыннан да қымбат. Күміс болса да біз оған еңбегіміздің арқасында қол жеткіздік. Бұны алтын деп қабылдаймыз.

 
0
247
0