Банктерге сенім бар....

Abitaevna 2014 M04 9
362
0
0
0

Девальвацияның дағдарысынан кейін банктердің жайы қандай?

Орыс мақалы "қаз балапандарын күзде санайды" демеуші ме еді. Девальвацияның дағдарысынан кейін осының да реті келді. WhatsApp арқылы таралған дүрмектен кейін смс-шабуылға ұшыраған 3 банктен салымшылар 169 млрд теңгеге жуық қаржыны алып кеткен. Оның ішінде ЦентрКредит жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%. Бұл Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес болжанған көлемнен 20-30%-ға төмен.

Осы ақпаратқа орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олардың мәлімдеуінше қазіргі таңда салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған. Банк басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады».

Банк мамандарының айтуынша, бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

Сол 72 сағатта-ақ еліміздегі банк секторының төтенше шабуылға қаншалықты төтеп бере алатындығы мен біздегі ақпараттық қорғаныстың деңгейі байқалған еді. Жұртышылықтың қаржылық сауатының шынайы деңгейі де айқын болды. Ал бұл жолғы әрекет арқылы азаматтарымыздың қаржы орталықтарына өткен жайттарға қарамастан алдағы уақытта қаншалықты сенім білдіретіндігін шамалауға болады.

https://www.youtube.com/watch?v=jnXZx71WxEY

 

Оцените пост

0