ЖЫЛАҒАН АТА мен КЕЛІНШЕКТАУ. Аңыз толқынында.

Аскар Беков 2014 M04 9
1884
0
4
0

Бұл – Келіншектау. Аты аңызға айналған қарт Қаратаудың алтын тәжі. Байдың ұзатылған қызының керуені тасқа қалай айналғаны туралы аңыздың шығуын біздің фоторепортаждан қарай аласыздар.

Қазақты қазақы кейіпте көргіңіз келсе Оңтүстік Қазақстанға барыңыз! Қолынан кетпені, қорасынан төлі үзілмеген, ата дәстүрін дәріптеп, тілін сындырмаған арда қазақ осында. Тіпті бабадан қалған қасиетті мекендерін де қастерлеуді еш ұмытпайды. Ал олардың санынан шатасып жаңыласын. Әр тасының өзі тарихтан сыр шертіп тұрған аймақты білмек ниетте біз өткен жылы Жылаған атаның жұмбақ сарқырамасын тамашалауды жөн санап жолға шыққанбыз.

▲ Сапарымыздың тізгінін ұстаушы Сапарбай Парманқұлов ғұмырын тас пен таудың қасиетін қағазға түсіруге арнаған. Түркістан қайдасың деген біздің арынымызды тоқтатып алдымен жол бойындағы Келіншектауды көріп қайтуға келістірді. Қош. Жақсыны көрмекке деп Шолаққорғанды бетке алдық.

▲ Алматыдан Созаққа жету мұң. Созылып жеткенше діңкең таусылады. Біз Тараздан Саудакент арқылы тез жетуге тоқтадық. Шолаққорғанға жақындағаныңды «Х» нөмірлі көлік пен Қазатомпромның төсеген тақтайдай жолы арқылы білуге болады.

▲ Шолаққорғанды тамашалап, қымыранды сіміріп, тынығып алған соң ертесімен жолға қайта шықтық. Келіншектау аудан орталығынан небәрі 50 шақырымдай жерде орналасқан. Жеңіл көліктегі жүргізуші Азаттан басқамыз табиғатқа сүйсініп келеміз. Ол жолмен арпалысуда.

▲ Міне – Келіншектау. Аты аңызға айналған қарт Қаратаудың алтын тәжі. Байдың ұзатылған қызының керуені тасқа қалай айналғаны туралы аңызды оралдық ақын Болатқали Төлебаевтың төмендегі өлең жолдарын арамыздағы арда ақын Қалмаханбет оқи бастады.

Фоторепортажды толық мына сілтемеден қарай аласыздар. http://myprofession.kz/?p=331

 

Оцените пост

4