Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:05, 08 апреля 2014

Голубев әлемдік рейтингте бірден бес сатыға жоғарылады

Blog post image
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев ATP рейтингісінде 5 сатыға көтерілді.

Қазір ол 59-орынға табан тіреп отыр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бұрынғысынша 56-орында қалды. Александр Недовесов 76-орыннан 77-орынға сырғыды, Евгений Королев болса, 449-дан 451-ге дейін төмендеді.

Рейтингтің көш басында испандық теннисші Рафаэль Надаль тұр, одан кейінгі орында серб Новак Джокович бекіген. Үшінші орында Станислас Вавринка, төртінші — Роджер Федерер.
АТР рейтингі. Үздік ондық:
1 . Рафаэль Надаль (Испания) — 13 730 ұпай,
2 . Новак Джокович (Сербия) — 11 680,
3 . Станислас Вавринка (Швейцария) — 5760,
4 . Роджер Федерер (Швейцария) — 5355,
5 . Томаш Бердых (Чехия) — 4720,
6 . Давид Феррер (Испания) — 4640,
7 . Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) — 4260,
8 . Энди Маррей (Ұлыбритания) — 4040,
9 . Джон Изнер (АҚШ) — 2715,
10 . Ришар Гаске (Франция) — 2635.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
136
0