место в рейтинге
  • 90533
  • 2
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сөз бен іс: Денис Теннің патриоттығына күмән келтіруші кімдер?

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдан-ақ «Қазақстан» деген елді әлемге таныту үшін барынша тырысып бағуда. Шын мәнінде, күн астындағы орын үшін талас жүріп жатқан бүгінгі дәуірде өзіңнің ұлттығыңды, мәдениетіңді, тіліңді т.б. сақтап қалу үшін танымалдылық немесе «брендке» айналу қажеттілігі әрбір елге туып тұр. Мәселен, Жапонияны техникалық және технологиялық өнімдерінен, Швецарияны сағаттарынан, Ұлыбританияны ағылшын тілі арқылы, АҚШ-ты компьютер және интернет технологиялары арқылы әлем жұртшылығы жақсы біледі. Осыған ұқсас бір ғана емес, бірнеше «бренд» атрибуттары арқылы жаһанға танылып жатқан елдер өте көп. Біз де «мәңгілік ел – бренд ел» екенін түсіне бастадық.

Спорт – бұл біздің елімізді әлемге танылдырып, брендке айналдырып жатқан бірден бір атрибут. Соның ішінде «Қазақстан» дегенде әлем халқының есіне бірден түсетін есім – Денис Тен. Біздің елімізде ғана емес күллі әлемде мәнерлеп сырғанау спортының жұлдызы болған бұл жас жігіт нағыз өз елінің патриоты. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жастар - салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс» - дегені бар. Елбасымыздың дәл осы сынына сай боп жүрген Денис Тенді ел үкіметі жеке жоба ретінде қарастырып, «Қазақстан» деген атауды әлемге паш етуде көзір ретінде қолдануда.

Жақсылық жүрген жерде жамандық, қастық қалмайды. «Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері азаматтық қоғамның дамуына ат салыспайды, сылбыр қарайды. Қазақ тіліне құрметпен қарамайды» дегенімізбен, олардың шетелдегі жеңісі де, жеңілісі тікелей Қазақстанға қатысты айтылады. Алғаш рет АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өткен жасөспірімдер арасында мұзда мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жарысында жүлдегер атанған Денис Тенді «феноменге» балаған әлемдік журналистер «Денис Қазақстанның атын әлемге танытты» деп жар салған еді. Сол уақытта Goldenskate.com сайтындағы «Денис Тен – Қазақстаннан келген “керемет”» деп аталатын көлемді мақалада жас спортшымен қатар, Қазақстан туралы да айтылады. Мұның өзі Денис Теннің еліміздің абыройын сол кезден-ақ танылдыра бастағанын білдіреді.

Әлемдік аренада ірі жетістікке жеткен спортшыға әр елдің көз тігетіні бар. Өйткені, «тірі талантты» пайдаланып, олар да өз елінің атағын шығарғысы келеді. Бұл бір жағынан алып қарағанда саяси-психологиялық ойын. Қайбір жылдары Ресей Федерациясы жұлдызы жанған спортшымызға мұндай ұсынысты жасап көрген көрінеді. Көршіміздің бұл әрекетін дұрыс түсінбеген және Денис Тенге сенім білдіре алмаған кейбір БАҚ пен жанкүйерлер «Денис Тен Қазақстаннан кетіп, Ресей азаматтығын алады» деген әңгімеге илана салады. Алайда, жас спортшы Қазақстаннан ешқайда кетпейтінін мәлімдеп, «Мен Қазақстанда тудым, осы елдің намысын қорғаймын»  - деген сыңайда халықты жұбатып, өзінің нағыз патриот екенін дәлелдейді. Бұл күмәнға дейін Денис Тен: «Шетелде өтетін түрлі спорттық жарыстарда қатысушыларға Қазақстаннан келдім десем, ешкім бұл елді білмейтіндерін айтып жатты. Бұл менің намысыма қатты тиеді. Кейін барлығына Қазақстанды танытамын, менің жеңісімді көріп, картадан Қазақстанды, интернеттен Қазақстан туралы мәлімет іздейтін болады» - деп өз-өзіне серт берген екен. Қазір ол өзінің сертінде тұрып, Қазақстанды әлемге танытушы «брендке» айналды. Оның жеңістеріне бүкіл әлем куә.

Денис Теннің ұлты – кәріс. Иә, мемлекеттік тілді білмейтіні де рас. Алайда, мәнерлеп сырғанау өнерінің шебері алдағы уақытта міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгеретінін айтқан болатын. Осы критерийді ғана есепке алып, оның патриоттығына күмән келтіретін адамдар, әсіресе тілші-журналистер өзге емес өз елімізде шығып жатыр.  Дегенмен, ұлты қазақ боп тұрып, өз тілін менсінбей жүрген кейбір шенеунік ағаларамыз бен шалақазақтарымыздың қасында елімізді әлемге танытып жүрген бұл жас жігіт сүттен ақ, судан таза емес пе?.. Қазақтың топырағында дүниеге келіп, Қазақстанның ауасын жұтып өскен жас спортшыда қазақ ұлтына тән мінездер де жоқ емес. Қайсарлық, намысшылдық өз орнына бір бөлек,  патриоттығы кейбір бауырларымыздан асып түспесе, кем түспейді. Сочи олимпиадасынан оралған соң тілшілерге берген сұхбатында ол: «Мен өз елімнің нағыз патриотымын! Мен осы топырақта тудым, өстім, бойыма қазақы менталитетті сіңірдім. Менің санамда достық туралы, адамдардың қандай болу керектігі туралы ұғымдар Қазақстанда көрген-білгеніммен байланысты» - дейді. Ендеше, Қазақстанның, қазақтың мінезін бойына сіңірген Денис Теннің патриоттығына қалайша күмән келтіруге болады?

Болатын жігіт қанағатшыл келеді дейді қазақ. Канаданың Ванкувер қаласында өткен олимпиадада қазылардың Қазақстан спортшысына алтын медаль бермегеніне наразылық танытып, «Төрешілер бұра тартты» деп Америкалық әйгілі журналист халықтан қол жинап, шу көтергені барша жанкүйерлердің есінде тұр. Бойында қазаққа тән қанағатшыл Денис: «Әлбетте, өнерімді бағалап, алтынға лайық санап жатса, мен үшін үлкен абырой. Ең бастысы – Қазақстанның көк байрағын әлем алдында аспанға шарықтаттым. Біздің елді де дүниежүзі мойындады. Бұдан асқан мен үшін жетістік жоқ!» - деп әлем жұртшылығын тәнті етеді. Спортшымыздың ішкі мінезіне қарап, қазақты Борат деп білетін біршама елдер бұл оқиғадан кейін ойын өзгерте бастағаны анық еді.

Нағыз патриот азамат өз елінің ұлттық рәміздерімен қатар, президентін ерекше құрмет тұтады. Бұл ретте,  жас спортшы мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа ерекше құрметпен басын иіп, бірнеше рет алғысын білдірген. «Сочиде жүргенде және Сочиге дейінгі жолымда Нұрсұлтан Әбішұлы зор қолдау көрсетті. Ең бірінші кездескен кезде ол менің Азиядадағы медальімді алып, оның жуық арада әлемдік деңгейдегі медальге айналыуын тіледі. Бұл –мен үшін үлкен қуаныш, үлкен құрмет. Нұрсұлтан Әбішұлының өсиеті әрқашан менің санамда болған» деп айтқан жас спортшы, қиын кезеңде күллі Қазақстанның және президенттің қолдайтынын еске алу арқылы ғана өзін жұбататынын айтады.

Денис Тен қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысу мәселесін де ойластырып жүрген спортшыларымыздың бірі. Сочи олимпиадасында ол «Тұран» тобының композициясына құрылған муызкаға билеп шығады.  Сол арқылы қазақтың қобызы мен домбырасының үнін миллиардтаған адам естиді. «Гала-концерттен соң көп хат алдым, бәрі «бұл қандай муызка?» деп сұрап жатыр. Қазақстанға қызығушылық білдіріп жатыр. Мен өзімді спортшы ғана емес, мәнерлеп сырғанау жөнінен спорт елшісі ретінде көрсетпекпін. Қазақ мәдениетін, республикамыздың ерекшеліктерін әлемге танытқым келеді» - дейді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Бүгінде елімізде Денис Теннің жеңістерінен шабыт алған ата-аналар өз балаларын спорттың мәнерлеп сырғанау түріне беріп жатыр. Сонымен қатар, белгілі әнші, актер, продюсер Әнуар Нұрпейісов Сочи олимпиадасынан  қоланы алып қайтқан Денис Тен туралы видеоклип түсірген болатын.  «КОТэ - бұл Денис» атты бейнебаянның өзі «Денис Тен» брендінің біздің еліміздегі беделін көрсетеді. Сочидегі қолдаушыларына алғыс айтқан ол: «Мен қазақстандық жанкүйерлердің адам айтқысыз үлкен қолдауын сезіндім. Маған қолдау көрсету үшін Сочиге Қазақстаннан есепсіз адам келді. Сайыстан кейін жерлестерімнің көбімен таныстым, мұндай жағдай бірінші рет болып тұр, қатты қуандым!» - дейді. Ендеше, «Ат басындай алтын берсе де, Қазақстанды басқа елге айырбастамаймын»  деп жүрген жас спортшының «бренді» өрге домалап, беделі арта түссін!..


Дінмұхамед Аязбеков

Iskerclub

Iskernews.kz порталы makala
Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!
9 апреля 2014, 1:05
644

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 24638
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 12846
  • 349
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 8276
  • 48
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 6399
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 4121
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2646
  • 18
«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

Бесцеремонные попытки силовиков помешать работе журналистов демонстрируют, в каком правовом государстве мы живём. Разбить телефон, угрожать, бить – всё это для «сотрудников» в порядке вещей.
openqazaqstan
13 нояб. 2017 / 19:02
  • 2482
  • 33
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
вчера / 19:12
  • 5149
  • 21