БОКС: Головкинге Чавестің салмағының ауыр болуы проблема тудырмайды — Санчес

Kazsport agent 2014 M04 3
135
0
1
0

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едәуір ауырлауы...

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің пікірінше, мексикалық Хулио Сезар кіші-Чавестің салмағының едәуір ауырлауы керісінше қазақстандықтың пайдасына шешіледі.

«Чавестің салмағы қаншама ауыр болсын, Геннадий оған бас ауыртпақ емес. Головкин рингке 172 фунт маңайында шығады. Қосымша салмақ оның жылдамдығына, өзіндік айла-тәсіліне кері әсерін тигізе алмайды. Егер Чавес шаршы алаңға 20-25 фунт ауыр болып шығар болса, онда қимылы баяулайды. Бұл, жекпе-жек кезінде Геннадийдің  алдына қойған мақсатын орындауды жеңілдетеді», — деді Санчес.

Еске сала кетсек, 31 жастағы Геннадий Головкин мен 28 жастағы Хулио Сезар кіші-Чавес арасындағы кездесуді АҚШ-та, 19 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

1