Бекзатты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтуде

Kazsport agent 2014 M04 2
156
0
0
0

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің иегері, Түркістан перзенті Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасында ХІІІ халықаралық турнир жалауын...

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің иегері, Түркістан перзенті Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасында ХІІІ халықаралық турнир жалауын көтерді.

Түркістан қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, дәстүрлі бәсекеде бақтарын сынауға еліміздің барлық облыстары мен Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей секілді шет мемлекеттерден 200-ге жуық жас спортшылар қатысуда.

«Бекзатты еске алуға арналған сайыстың маңыздылығы жас спортшыларымыздың әлеуетін байқауға үлкен септігін тигізеді. Себебі, былғары қолғап киген өрендеріміз тек ел іші емес халықаралық деңгейде бақтарын сынайды», — дейді аталған жарыс жөнінде данқты боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбеков.

Халықаралық бәсеке Бекзаттың туған күні яғни, 4 сәуірде өз мәресіне жетпек. Оған дейін шын мықтылар шаршы алаңда қолғап түйістіретін болады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0