Нысана көздеуден әлем кубогындағы үздік көрсеткішіміз – алтыншы орын

Kazsport agent 2014 M04 2
140
0
0
0

Бүгін Американың Форт Беннинг деп аталатын ірі әскери базасының орталығында нысана көздеуден әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өкінішке қарай, әлем кубогының...

Бүгін Американың Форт Беннинг деп аталатын ірі әскери базасының орталығында нысана көздеуден әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өкінішке қарай, әлем кубогының биылғы маусымдағы бірінші кезеңінде Қазақстан мергендері жүлделі орындарға іліге алар емес. Тек Сергей Вохмянин ғана финалға ілігіп, тапаншамен 25 метр қашықтықтан жамбы атуда 6-орынға ие болды. Ол іріктеу сынында бесінші орынды иеленгенімен, ақтық сында бір саты төмендеп, үздік алтылықты түйіндеді.

Десек те, айта кетуге тиіспіз, кейінгі кезде осы Сергей көңілге қонымды нәтиже көрсетіп, аракідік жүлделі орындарға ілігіп жүр. Өкінішке қарай қалған спортшыларымыз жоғары нәтижелерімен қуанта алар емес.

Айтпақшы, АҚШ-тағы әлем кубогының бірінші кезеңінде Владимир Исаченко тапаншамен 10 метрлік қашықтықтан нысана көздеуде 12-орынға ие болды. Бірақ ол да ақтық сынға іліге алмады. Қалған спортшыларымыз үшінші ондықтан жоғар көтеріле алар емес. Негізі, әлем кубогының бірінші кезеңіне Зәуреш Байбосынова, Юлия Дришлюк, Юлия Командра, Рашид Юнусметов, Максим Мазепа сынды мергендеріміз де қатысып, өз бақтарын сынаған болатын.

Осы ретте айта кетейік, нысана көздеуден биылғы маусымдағы әлем кубогының бірінші кезеңіне тек тапанша кезенген мергендеріміз ғана қатысты. Ал винтовка түрлерімен нысана көздеген мергендерімізді әлем кубогының алғашқы кезеңінде бақ сынаған спортшылар арасынан кездестіре алмадық.

 

Оцените пост

0