Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:01, 01 апреля 2014

Ақтауда «Шерқала» журналы таныстырылды

ҚазАқпарат, 01.04.2014

Blog post imageМаңғыстау облысының әкімдігінде жаңа көркем-әдеби, мәдени-тарихи «Шерқала» журналының таныстырылымы өтті. Басылымды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС шығарған. Жылтыр қағазды журналдың бірінші саны 3 мың дана тиражбен жарыққа шыққан.

Журналдың тұсаукесеріне облыс әкімі Алик Айдарбаев, оның орынбасарлары Сүйіндік Алдашев пен Халила Нұрғалиева, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Бекмұрат Жүсіпов пен басқалары қатысты.

«Журналдың жарыққа шығуы - өңірдің мәдени-рухани саласындағы маңызды оқиға. «Шерқала» журналы біздің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына қосқан үлесіміз болады», - деді оны шығарушыларға жемісті еңбек пен сәттілік тілеген Алик Айдарбаев.

«Журналда Маңғыстау өңірінің тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар мен тарихшылар, этнографтардың, мәденеттанушылардың мақалалары жарияланады», - деді «Маңғыстау-Медиа» жетекшісі Ғалымжан Мелдешов.

Ол жиналған қауымға журналдың бас редакторы, облыстың танымал журналисі, осыған дейін облыстық «Маңғыстау» газетін басқарған Маңдайлы Қосымбайды таныстырды.

Тұсаукесер барысында журналдың қазақ халқының салты мен дәстүрін, облыстың көз тартарлық орындарын насихаттайтыны жайлы айтылды.

Журналға деген тілектерін ҚР халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, қоғам қайраткері Зейнолла Алшымбаев, академик Өмірзақ Озғанбаев, профессор Жұма Тілепов, «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев білдірді.

0
438
0