«Қайрат» Лучано Спаллеттимен келісімшарт жасағандығын жария етті

Kazsport agent 2014 M04 1
149
0
0
0

Edit This Post Питерлік «Зенит» футбол клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Лучано Спаллетти Қазақстан чемпионатында өз мансабын жалғастыратын болады. 55 жастағы итальяндық маман жергілікті...

Edit This Post

Питерлік «Зенит» футбол клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Лучано Спаллетти Қазақстан чемпионатында өз мансабын жалғастыратын болады.

55 жастағы итальяндық маман жергілікті «Қайратпен» келісімшарт жасау үшін Алматыға келді, деп хабарлады қазақстандық клубтың ресми сайты.

Әзірге бонус сомасына байланысты  түйткіл бар. Бірақ тараптар бұл мәселенің шешілетіндігіне сенімді. Айта кетер жайт, Лучано Спаллетти  Алматыға өзінің жаттықтырушылар штабын ала келмек. Итальяндық мамандардың алдына қойылған басты талап — «Қайратты» Еуропа  Лигасының  ¼ финалына шығару.

Лучано Спаллеттидің соңғы жұмыс орны — «Зенит» (2009). Ол командадан 2014 жылғы наурыздың басында шығарылған болатын. Итальяндық жаттықтырушы болған кезеңде питерлік клуб  Ресейдің екі дүркін чемпионы (2010 және 2011/12) атанды. Сондай-ақ елдің Кубогын және Суперкубогын жеңіп алды, деп жазады  Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0