Кездесу мен қоштасу

Кездесу мен қоштасу, бейне поэзия, поэзия, өлең, көру, оқу, тыңдау, жүктеу

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Кездесу мен қоштасу,

Егіз сезім, болғандай.

Табу, әлде жоғалту,

Сағыммен, баурап алғандай.

 

Күн күркіреп, тұрғандай,

Жаңбырымен нөсерлеп.

Сездім, сезім салқынын,

Болды бұған, кім себеп?

 

Қайда кетті, көктемім?

Жарқыраған күнімен.

Жылап тұрған, жүрегім,

Бұл жаңбырмен, егіз бең?

 

Оранды – ау, ағаш сарыға,

Жоғалтып бүгін, жапырағын.

Кеттік пе әлде, асыға?

Жоғалтып алып, бақ тағын.

Оцените пост

1

Комментарии

0
"Кездесу мен қоштасу" атты бейне поэзиясын осы сілтеме арқылы көре аласыздар: kaztube.kz
Показать комментарии
Дальше