Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов Әлем кубогында алтын медаль иеленді

Kazsport agent 2014 M03 30
271
0
0
0

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов «Харлампиев мемориалы» Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Мәскеу қаласында 25-26 наурыз күндері өткен Әлем кубогына 29 елден 300-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл...

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов «Харлампиев мемориалы» Әлем кубогында жеңімпаз атанды.

Мәскеу қаласында 25-26 наурыз күндері өткен Әлем кубогына 29 елден 300-ге жуық спортшы қатысқан. Бұл дүбірлі додада Қазақстанның намысын Шымкент, Орал, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана, Түркістан, Атырау және Қарағанды қалаларынан барлығы 35 спортшы қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық самбошылар тоғыз жүлделі орынды олжалады, оның ішінде алты қола, екі күміс және бір алтын медаль бар.

Алтынды 52 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарағандылық Бейімбет Қанжанов иеленсе, Райымқұлов Болатбек (52 кг) пен Жылқыбаева Әлия (80 кг) күміс жүлдегерлер атанды. Ал қола жүлдені Қайранбеков Серік (57 кг), Қуанов Есет (62 кг), Абдамит Арслан (100 кг), Тұрмаханова Гаухар (48 кг), Тайжанова Қалжан (72 кг) мен Жиреншиев Рүстембек (82 кг) қанжығаларына байлады, деп жазады Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0