Голландиялық қазақ Мұрат Өнал шымкенттік команданың ойыншысы атанбақ

Kazsport agent March 30, 2014
181
0
0
0

Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкенттің «Қыран» командасына голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал қосылатын болды. Наурыз айының басында Түркияның Алания қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында...

Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкенттің «Қыран» командасына голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал қосылатын болды.

Наурыз айының басында Түркияның Алания қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында бапкерлердің көңілінен шыққан Мұрат жаңа маусымды «Қыранда» бастайды. «Аякс» мектебінің түлегі, бұрын Бельгия, Голландия, Финляндия командаларының формасын киген қандасымыз алғаш рет атамекеніне аяқ баспақ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Айта кетейік, бірінші лига ойындары 6 сәуірде басталады. «Қыран» командасы бірінші турда «Астана-64» командасын қабылдайды.

Мұрат Өнал 1987 жылы 20 шілдеде Түркияның Салихли қаласында дүниеге келген. Қазіргі тұрғылықты жері — Амстердам (Голландия). Бойы — 179 см, салмағы — 76 кг. Ойнаған командалары: 2006-2007 жж. — Брюгге (Бельгия) 2007-2008 жж. — Ден Хааг (Голландия) 2008-2012 жж. — Волендам (Голландия) және 2012-2013 жж. — Каяни (Финляндия). Ойыншының позициясы: жартылай қорғаушы, шабуылдаушы.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0