Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:18, 28 марта 2014

Биыл тамызда әлемнің ең мықты таеквондошылары Астанаға табан тірейді

Blog post image

2014 жылғы тамызда Астанада таеквондодан «Бүкіләлемдік Гран-при сериясы» турнирі өтеді. Мұндай шешімді Қытайдың Тайпей қаласында өткен бас ассамблеяда Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы (WTF) қабылдады.

Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметінше, «Бүкіләлемдік Гран-при сериясы» жобасы 2013 жылы қарашада бастау алған. Бұл жарысқа тек белгіленген ұпай санын жинап, әлемдік деңгейге көтерілген споршылар ғана қатыса алады. Биылғы тамызда Астана осы жарысты қабылдайтын екінші қала болмақ. Бірінші жарыс шілдеде Қытайдың Сучжоу қаласында, үшіншісі қазанда Англияның Манчестер қаласында, төртіншісі желтоқсанда Мексиканың Керетаро қаласында өтеді.

Айта кету керек, ҚР жастар командасының мүшесі Серікбай Ғалымжан Қытайдың Нанкин қаласында өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама ұтып алды. Ол 16-28 тамыз аралығында өтеді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
222
0