«Сенім телефонына» әркім хабарласа алады

МО РК 2014 M03 27
271
0
1
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «сенім телефоны» қызметіне жауапты бөлімшелердің қызметкерлері азаматтардың өтініштеріне қабылдау жүргізу мен тіркеуді жалғастырып жатқанын еске...

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «сенім телефоны» қызметіне жауапты бөлімшелердің қызметкерлері азаматтардың өтініштеріне қабылдау жүргізу мен тіркеуді жалғастырып жатқанын еске салады.

«Сенім телефонын» құрудағы негізгі мақсат – бұл қорғаныс ведомствосы қызметкерлері жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға қарсы тұру.

Көрсетілген телефонға қоңырау соғу арқылы сіз қызмет бойынша қандай да бір қиындыққа қатысты сауалдарыңызды қойып, қажетті қолдау табасыз. Сондай-ақ, өрескел бұзушылықтар мен адам құқығын шектеу фактілері туралы хабарлай аласыз.

Жасырын шағымдар қабылданбайтынын атап өткен жөн. Өтініштерде әскери полиция органдарының құзіретіне кіретін сұрақтар көрсетілуі керек. Жеке мекеменің атауы, мекенжайы, шығыс нөмері және датасы көрсетілуі қажет. Өтінішке өтініш берушінің қолы немесе электронды санды қол қойылуы керек. Арыз беру кезінде шағым мен талаптың уәжі, іс-қимылына шағым түсіп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірыңғай «сенім телефоны» +7(7172) 54-19-25, e-mail: doverie@mod.gov.kz.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

1
Дальше