Ваш Казахтелеком 2014 M03 27
1331
0
0
0

Биылғы жылғы 1-сәуірден бастап "Қазақтелеком" АҚ «ALACAST» ЖШС-мен бірлесіп жаңа «iD TV Online» қызметін іске қосады. «Қазақтелеком» АҚ компанияның инновациялық бөлімшесі OTT технологиясы (Интернет...

Биылғы жылғы 1-сәуірден бастап "Қазақтелеком" АҚ «ALACAST» ЖШС-мен бірлесіп жаңа «iD TV Online» қызметін іске қосады.

«Қазақтелеком» АҚ компанияның инновациялық бөлімшесі OTT технологиясы (Интернет желісі бойынша бейнедабыл жеткізетін Over-The-Top - технологиясы) базасында әзірленген сервисті іске қосады.

Жаңа сервис пайдаланушыларға «Қазақтелеком» АҚ-нің мәліметтер берудің кеңжолақты желісіне (оның ішінде сымсыз WiFi технологиясы арқылы да) қосылған түрлі мобильдік және мультимедиялық құрылғыларда (ұялы телефондар мен iOS/Android базасындағы планшеттер, Windows/MacOS базасындағы дербес компьютерлер мен ноутбуктер) телевизиялық арналар мен бейнеконтентті көруге мүмкіндік береді.

«iD TV Online» қызметі «Қазақтелеком» Ақ кеңжолақты қолжетімділігі арқылы Set Top Box абоненттік қосалқы құрылғысын қолданбастан, «iD TV» қызметінің қосымша сервисі ретінде ұсынылады. Қызметті пайдалану үшін Windows XP/7/8, MacOS базасындағы компьютерден http://www.online.id-tv.kz сайтына кірсеңіз, немесе iOS/Android-қа мобиль-дік қосымшаны көшіріп алып, орнатсаңыз болғаны. Жайлы және үздіксіз қарау үшін сапаны басқаратын арнаның жүктемелілігіне орай бейнелерді динамикалық түрде ауыстыруға мүмкіндік беретін адаптивті жүйе қолданылады.

«iD TV Online» қызметін пайдаланушылар үшін фильмдер сатып алу, сондай-ақ белгілі бір фильмдерді тегін көру мүмкіндігі бар «VoD» қызметі қоса ұсынылатын ай сайын жазылатын телеарналар жиынтығы беріледі. Қызметті пайдаланушылар «VoD»-ті бір рет сатып алу ақысын PIN-кодты енгізіп, есептік мерзім аяқталғанда шот беру арқылы іске асырылады. Сондай-ақ, тақау арада «iD TV Online» қызметі үшін ақы төлеу «Қазақтелеком» АҚ абонентінің жеке есеп шотына енгізілетін болады.

«Қазақтелеком» АҚ-нің пайдаланушылары «iD TV Online» қызметіне http://www.idport.kz порталындағы жеке кабинетінде, сондай-ақ жақын маңдағы абоненттік бөлімшеге барып қосыла алады.

Оцените пост

0
Дальше