место в рейтинге
  • 773063
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстан хоккейінің финалында – «Ертiс» пен «Арлан»

Шайбалы хоккейден Павлодардың «Ертiсі» мен Көкшетаудың «Арланы» Қазақстан чемпионатының финалында кездесіп, саф алтынды сарапқа салатын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Плей-офф жүйесімен жалғасып жатқан ел чемпионатының жартылай финалдық ойындары толықтай аяқталды. Екі жұптағы мұзайдын додасы да 4:1 есебімен аяқталды. Екі жұпта да ақтық сынның жолдамасы бес-ақ ойында шешілгенімен, жартылай финалдық ойындардың барлығы дерлік шектен тыс тартысты өтті.

«Ертiс» — «Арыстан» (Теміртау) жұбында павлодарлықтардың жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Теміртау клубы намысты қолдан берген жоқ. Аталған екі команда арасындағы бірінші ойында жеңімпаз тек овертаймда анықталды (3:2 ОТ).

Рас, екінші ойында «Ертіс» үстемдік танытты (4:0). Бірақ бұдан кейінгі екі матч өте шиеленісті болды. Бір шайба айырмасымен үшінші матчта «Ертіс» басым түссе (4:3), төртінші кездесуде «Арыстан» жеңіске жетті (3:2).

Бірақ бұдан әріге азулы «Арыстанның» шамасы жетпеді. Көктемгі «ағысы» қатты «Ертіс» Қазақстан Магниткасы хоккейшілеріне дес бермеді. Бесінші матчта 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепте де тура осындай есеппен басым түсіп, финалға шықты.

«Арлан» (Көкшетау) — «Бейбарыс» (Атырау) жұбындағы дода ұзаққа созылар деп күткенбіз. Бірақ бұл жұптағы кездесулер де бес ойынмен шектелді. Көкше клубы өз айдынындағы екі матчта да жеңіске жетіп, алға шыққан (4:2 және 3:1).

20-21 наурыз күндері Атырауда өтуі керек болған екі ойынның біріншісі өтпей қалып, бұл матч кейінге шегерілді. Ал 21 наурыздағы үшінші кездесуде «Бейбарыс» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейінгі Көкшетауда өткен төртінші матчта «Арлан» шайбалы хоккейден гөрі футболға тән есеппен жеңіске жетті (1:0).

Содан соң 20 наурыз күні Атырауда өтпей қалған ойын өткізілді. Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының ресми сайтының мәлімдеуінше, екі команданың келісімі бойынша бұл матч Астанада өтті.

Ал Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайы «Арлан» үшін — өте құтты мұзайдын. Дәл осы мұзайдында 2012 жылдың тамыз айында «Арлан» Қазақстан кубогын жеңіп алған. Финалдағы қарсыласы дәл осы «Бейбарыс» болған…

Бұл жолы да «Арланның» айдарынан жел есті. Көкшетаулықтар шектен тыс шиеленісті матчта 4:3 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш рет финалға шықты.

Ал «Бейбарыс» Қазақстан чемпионаты осындай үлгімен өткізіле бастағалы бірінші рет (!) финалға шыға алмай қалды. Еліміздің екі дүркін чемпионы (2010/2011 және 2011/2012 жылдар маусымындағы) енді тек қола медаль үшін додаға түсетін болады.

Ал финалда еліміздің өткен маусымдағы чемпионы мен қола жүлдегері, яғни «Ертіс» пен «Арлан» кездеседі. Көреміз, «Ертіс» екпінді ме, «Арлан» азулы ма?..

Қазақстан чемпионаты. Финал (төрт жеңіске дейін).

/1/ Ертiс — /2/ Арлан — (6-7.04; 10-11.04; 14.04; 17.04; 20.04)

Үшінші орын үшін. (үш жеңіске дейін).

/3/ Бейбарыс — /4/ Арыстан — (2-3.04; 6-7.04; 10.04)

Жартылай финал.

/1/ Ертiс — /4/ Арыстан — 4:1 (3:2 ОТ, 4:0, 4:3, 2:3, 4:1)
/2/ Арлан — /3/ Бейбарыс — 4:1 (4:2, 3:1, 1:4, 1:0, 4:3)

Ширек финал.

/1/ Ертiс — /8/ Астана — 4:0 (5:4 ОТ, 3:0, 5:3, 6:0)
/2/ Арлан — /7/ Горняк — 4:1 (4:0, 2:1, 1:3, 3:1, 8:2)
/3/ Бейбарыс — /6/ Бүркіт — 4:1 (5:3, 1:0 ОТ, 1:4, 5:3, 4:1)
/4/ Арыстан — /5/ Номад — 4:2 (5:2, 5:3, 2:1, 0:2, 3:4 ОТ, 4:2)

Тектес:Хоккей
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Хоккей
 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
27 марта 2014, 12:25
242

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8796
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6080
  • 23
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2729
  • 30
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1617
  • 30
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1406
  • 10