ҚР Қорғаныс министрлігі: 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы үшін

МО РК 2014 M03 26
221
0
0
0

Астана қаласында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еліміздің стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты...

Астана қаласында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еліміздің стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Жолдаудың негізгі идеясы «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымын көрсетті.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген 83205 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Әбдірахман:

– Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында тәуелсіз елдің азаматтарына көптен күткен «Мәңгілік Ел» идеясын нақты айқындап берді. Бұл идея қазақ халқының мыңдаған жылдарғы тарихи тәжірибесі, республиканың қалыптасу жолы болып табылады. Отанының игілігі үшін жанын берген біздің бабаларымыз осыны армандаған болатын, – деп атап өтті.

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық қазақстандықтарға ауқымды тапсырмалар қойды.  ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы осы тапсырмалардың сәтті іске асатынына сенімді және биік мақсаттарға қол жеткізу кәсібилікті, әскери қызметшінің жауынгерлік борышын адал атқаруды талап ететінін түсінеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0