Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:45, 24 марта 2014

Ережесіз жекпе-жек: Шахмарал Жетпісов Джефф Монсонды сұлатып салды

Шахмарал Жетпісов

Қазақстандық  Alash Pride командасының мүшесі Шахмарал Жетпісов Алматыда өткен ережесіз жекпе-жектің басты жарыстарының бірі -«Diamond Fight -Достық» турнирінде АҚШ-тың әйгілі спортшысы Джефф Мон­соннан басым түсті.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі кездесу үшінші раундта Жетпісовтың жеңісімен аяқталды. Жерлесіміз 43 жастағы америкалық спортшыны нокаутқа жіберді. Бұл Шахмаралдың 5 кездесуіндегі үшінші жеңісі, ал Монсонның 68 кездесуіндегі 16-ыншы жеңілісі.

«Достық» турнирі дәстүрлі түрде өтетін және елдер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бәсеке, деп хабарлайды Vesti.kz.

 
0
377
0