• 1420
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

АМАЛ – көктемнің де, жылдың да басы

Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша – Жаңа жыл және Күн-Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен беттестірілді, біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21-22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.

«Амал» аталатын күнді бүгінде елдің батыс аймағында біршама өңір ғана атап өтеді. Ал, бұған дейін оны Қазақстанның Маңғыстау аймағынан бастап Сыр өңірінің барлығы, Қостанай, Торғай аймағына қоса, ресейлік Ажтархан (Астрахан), Сарытау, Самар, Орынбор облыстарының қазақтары (бұлар «қамал» дейді) да мерекелейтін. Бүгінде Наурызға әрі жаңа жыл, әрі Күн-Түн теңесімі ретінде мазмұн беріліп, 21-22 наурызда мерекелеу қолға алынып, алдыңғы нұсқа біраз өңірде ұмытыла бастады.

Мәселе неде? Мәселе қазақтың Жаңа жыл ұғымы мен ежелгі Күнге табыну дәстүрінен бастау алатын, бүгінде парсылық (кейбір журналистер мұны «шығыстық» атап жүр) мазмұн беріліп жүрген Күн-Түн теңесімі мерекесінің шатасып кетіп отырғандығында. Түркілер көктемгі «теңесіммен» шектелмеген, күзгі теңесім қарсаңында Чук (шұбаш), Сабантой (қазақ, башқұрт, татар, шұбаш), Ақ ай (моңғол, қалмақ) мерекелері аталса, оған қоса қысқы және жазғы Күн тоқырауы да «Нартуған», «Соғым басы» (қазақ, башқұрт, татар, шұбаш), «Корачун» (мажар-қыпшақтар, кейбір Сібір, Саян түркілері) түрінде, қысқы Түн тоқырауын Ысыах (саха) түрінде атап жүр. Қысқасы, Күн-Түн арақатысына байланысты мерекелердің барлығы Күнді қастерлеу көріністері және аса ұлы мерекелер болып табылады. Парсыларда көктемгі және күзгі теңесімдердегі Новруз және Мизам мейрамдары ғана мерекеленген, бүгінде тек қана көктемгі нұсқа қалды. Жоғарыдағыларды ескере келгенде, Наурыз – күндік күнтізбеден туындайтын мереке екендігі шығады.

Ал «Амал» мәселесіне келсек, мазмұны аса ежелгі, шығыстық астрономия іліміне қатысты жайттан бастау алады. Аспандық үдерістер бойынша бұл күндері Амал жұлдызы мен Күн бір түзудің бойына шығып, Жерден қарағанда беттесіп тұрғандай әсер етсе керек. Және де осы жайт қыстың кетіп, көктемгі үдерісті бастайтын ғарыштық түрткі болып табылмақ. Сол себептен де қысы қатал далалық көшпелі түркілер үшін бұл үдеріс қыспен бірге ескі жылмен де қоштасу болып табылған. Яғни, Амал мен Күннің «қауышуы» далалықтардың да ежелгі көкірек түйістіру дәстүрінің туындауына түрткі болған болар. Ал, ежелгі замандарда атап өтілгендігін Мәшһүр Жүсіп атап өткенімен, бүгінде Амал-Күн мәселесіне қатысты арабтық мерекені кездестірмедік. Дегенмен, көкірек түйістіре амандасу ежелгі индоарилық жоралғымен астасып жатқандай: мерекеде қауышу үнділерде де сақталған.

Амал (хамәл, гамәл, хамал, еl nath, arietis, al Нamal rаs al-һamal) – кейбір ұқтырмаларға қарағанда «тоқты» немесе «тоқтының басы» болмаса қой басының «қасқасы» дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз болып табылады. Арапша «хамәл» – қозы деген сөз. Десек те, бұл сөзге ежелгі түркі танымының араласып жүргенін аңдаймыз, ха+мал: «мал» сөзі ұсақ, уақ дегенді білдіреді, яғни бүгінгі қазақша «мал» сөзінің семантикалық мәні о баста «ұсақ мал» екенін ұқтырып тұр. Шамасы, бұл араб тіліне сіңген ежелгі түркизм болар: «мал» сөзімен кәзіргідей төрт түліктің бәрі емес, қой-ешкінің ғана аталғанын байқауға болады. Мал: татарша «малай» – қызметші бала, бозбала; «малта» – ұсақ, малалау – ұнтау т.т.; біртұтас семантикалық жүйе тілімізде айқын сезіледі.

Енді һа-,ха-, га- буындарын қарастырсақ. Қазақ тіліндегі қа+бақ – басты, маңдайды бағушы, қа+қан – қаған, бас хан т.с.с. түрлі сөздерде «қа» ұғымы біртұтас семантикалық мазмұнға ие: бас,маңдай; бұдан ары дами келе қа+с – нағыз деген ұғымды да қамтыған сыңайлы. Осыдан келіп, һа-, ха- компоненті ежелгі «қасқа» сөзінің бастапқы түбірі ретінде аспандағы Тоқты жұлдызының маңдайы мағынасында, «һа+мал» тіркесі түрінде арабшаға сіңген деп топшылаймыз.

Амал жұлдызы әлемге ертеден мәлім болған. Птолемейдің «Альмагест» еңбегінде бұл жұлдыз шоқжұлдызға енбегендердің қатарынан аталады. Амал – сонымен бірге жылжымайтын жұлдыздардың бірі. Гиппарх «тұмсықтағы жұлдыз» атаса, ертеде ол «тас төбедегі жұлдыз» деген атаумен танылған. Тағы бір дереккөзде Тоқты шоқжұлдызының маңдайындағы сары жұлдыз кейде «Тоқтының екінші мүйізі» аталған. «Амал» мерекесі – жұлдыздық күнтізбеге қатысты рәсім болуы керек.

Күн мен Амал жұлдызына қатысты көктемнің келуін ортаазиялық ақын Рабғұзи (Насреддин) «Көктем» өлеңінде былайша суреттейді:

Жолығып Күн Тоқтыға,

Амалменен беттесті -

Мұз бен қарды жібітті.

«Қыс болып па еді!?» деп,

Көктем екен деп жұрт шешті.

Бүгінгі Наурызға телініп жүрген наурызкөже асы шын мәнінде көктемгі аласапыранды, қардың еріп, қызыл судың жүріп, жер бетіндегі болып өткен топан су мифінің жұрнағы ретінде Жаратушыға мойынсұну ишарасын білдірсе керек. Шамасы, бұл көже Наурызға қатысты емес, Амалға қатысты болуы мүмкін.

Сайып келгенде, Амал мен Күннің беттесуін қазақтар жылдың жасаруымен қабат қарастырады. Айтпақшы, парсыларда да көктемгі Күн-Түн теңесімін «жаңа күн» атағанымен, «жаңа жыл» ұғымы ретінде қарастырмайды. Қазақ халқы 14 наурызды қысқы тоңның жібуімен, көктемнің келуімен бірге жаңа жылдың кіруімен қарастырғандықтан, «көрісу» рәсімі арқылы бір біріне «жыл құтты болсын!» – деп тілейді.

Сонымен, біз бір емес, екі бірдей көктемгі мерекенің біріккен мазмұнын қысқаша қарастырдық. Алайда Наурыз бен Амал бір бірін толықтырмаса, қайшы емес. Сол себепті де, аталмыш мерекелерді бейресми түрде 14-22 наурыз аралығында мейрамдағанымыздың жөні бар. Оның үстіне халқымыздың бір бөлігі әлі күнге солай етіп келеді, ал ресми түрде төл танымнан бас тартқандай болмай, оны кеңіте түскеніміз абзал, мерекелер жыймасын «ана аймақ, мына өңір» демей, әуелде ата-бабамыз тұтынған әлемдік танымды түркілік мазмұнға тұтастырған жөн.

Серік Ерғали

22 марта 2014, 16:04
251

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 20584
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3616
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3867
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3797
  • 13
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2536
  • 13
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2354
  • 30
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2141
  • 2
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 1971
  • 4