Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:19, 21 марта 2014

Наурыз мейрамы

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Көктем келді, гүл жайнатып далама,

Қуанышпен, қарсы аламыз тағыда.

Наурыз мейрам, қандай едің тамаша,

Күтіп алдық, бүгін сені сағымда.

 

Әр ұлтыңа, құшағыңды, сен жайдың,

Енді бүгін, қуанышта, бар халқым.

Еркелетіп, көңілді баурап, сен алдың,

Құтты болсын, көктеммен, келген жылым.

 

Өсе берсін, жарқырап, менің елім,

Қуаныштың туын тақсын, енді жерім.

Барлық азап, қиындық, артта қалсын,

Мәңгі бақыт, халқыма, ортақ болсын.

 

Жыласа да, қуаныштан жыласын,

Қайғы, қасірет мүлдем енді, болмасын.

Бала сыйлап, мәпелесін анасын,

Жақсылықпен, өмірлері жалғассын.

 

Жүре берсін, қуантып, қарияларым,

Інілерім аман болсын, ағаларым.

Бір бірімен, тату болып, үйімен,

Шарқырасын, сан биікке, сеніммен.

 

Жас ұрпақтар, жастарым, айналайын,

Ақ тілекпен, ағарсын тек жолдарың.

Өсіп, өніп жарқыраңдар, жыл сайын,

Болашақта, орындалсын, армандарың.

0
391
1