ҚР ҚК Бас штабының бастығы Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігін тексерді

МО РК 2014 M03 20
336
0
0
0

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Семей гарнизонында болып, 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік...

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Семей гарнизонында болып, 44736 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлігін тексерді.

Жұмыс сапары  барысында генерал-полковник С. Жасұзақов жеке құрамның жауынгерлік дайындығы және машығымен, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайымен, бөлімнің оқу-материалдық базасымен танысты. Кәсіби әскерге көшудегі өзекті тақырып болып отырған мәселе бөлімшелерді келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауға айрықша көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау мақсатында жеке құрамы алдында сөз сөйлеген ҚР ҚК Бас штабының бастығы егемен Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, генерал-полковник С. Жасұзақов өз сөзінде Қарулы Күштердің перспективалары мен даму бағыттарына, әскери бөлімдердің қазіргі заманғы қару-жарақ және жауынгерлік техникамен жарақтандырылуына тоқталып, жеке құрамның сұрақтарына жауап берді.

Кездесуді қорытындылаған ҚР ҚК Бас штабының бастығы жеке құрамның жоғары моралдық және патриоттық рухын атап өтіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері қойылған міндеттерді орындайтынына сенім білдірді.

Бас штаб бастығы келесі кезекте «Семей инжиниринг» АҚ-да болды. Аталған мекеме Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы бронды техникаға күрделі жөндеу жүргізетін және конверсиялық техника жасайтын бірден бір мамандандырылған кәсіпорын болып табылады.

«Семей инжиниринг» АҚ-ның өкілдері Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығын кәсіпорынның өндірістік цехтарымен, сондай-ақ жұмыстың барлық циклдарымен таныстырды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше