Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:54, 20 марта 2014

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде ерекше семинар-тренинг өтті

Blog post image

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде жас полиция қызметкерлердің қатысуымен  ерекше семинар-тренингі өтті. Бұл жиында аудандық , қалалық ішкі істер органдары мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері және қонақ ретінде шақыртылған Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жас мамандары  да қатысты.

Семинар тренингте ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасының, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы, жол аптрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі басқармасының  психолог инспекторлары қатысты. Қатысушыларға ұжымға тез сіңісіп кетуге және өзін өзі ұстауды үйрететін теориялық материалдар мен жаттығулар ұсынылды.

Blog post image

«Туған ахуалдан шығудын бірден бір жолы ол сіздің позитивті көңіл күйіңіз, күлкіңіз бен сыпайылығыңыз. Егер де сіздерде осының бәрі болса қиын жағдайлардан шығуға еш кедергі болмайды.» - деді Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының психолог-инспекторы полиция капитаны  Ләззат Мұрталімова.

Семинар барысында жұмысында тамаша көрсеткіштері мен, тәртібі жағынан ерекшеленген қызметкерлерді жас мамандармен жақынырақ тыныстырып кету және үлгі өнегеге тұрарлық  адамдарды ерекшелеу мақсатында ортаға шақыртылды. Жұмысында жілікті шаққан тергеушілер, жедел уәкілдер мен жол патрульдік полиция қызметкерлері өздерінің жұмысқа алғаш келген күннен кездескен қиыншылықтарды қалай жеңгендері және ұжымға бейімделу кезіндегі эмоцияларымен бөлісті. Кейін жас қызметкерлер арасында жиі кездесетін қорқыныш, стрес және  жанжалдардан қалайша құтылуға болатын жолдары көрсетілген бейне роликтер көрсетілді.

Blog post image

«Аталмыш шаралардың тек жас қызметкерлермен ғана мес сондай ақ барлық жеке құрам және басшылықтың қатысуымен әр дүйсенбі сайын өткізіледі.» - деді мамандандырылған күзет қызметі басқармасының психолог-инспекторы полиция аға лейтенанты Айгерім Ниязтайқызы.

Blog post image

Жиын сонында қонаққа келген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тәртіп сақшыларының психолог инспекторларының жүргізген семинарынан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің де стрестен қалайша жағатындықтарын да көрсетіп кетті.  Қадр жұмысы басқармасының қызметкерлерінің хабарлауынша аталмыш шаралар ұдайы өткізіліп отырмақ. Онымен қоса әр полиция қызметкері кез келген уақытта облыстық ведомстваның әр бөлімінде тіркелген психолог маманынан маманданрылған көмек сұрай алады.

СҚО ІІД баспасөз қызметі Ерлан Махметов

0
1959
0