Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:15, 20 марта 2014

Қорғаныс министрлігінде Наурыз мерекесі тойланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде Ұлыстың Ұлы күніне орай «Армысың, әз-Наурыз!» атты меркелік іс-шара өткізілді. Аталған меркелік шараға қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін, мәдениетін, халықтар достығының мызғымас бірлігін көрсеттті.

«ҚР Қорғаныс министрлігінде бұл мерекелік іс-шара жыл сайын аталып келеді. Наурыз – барлық Қазақстан халқының мерекесі, сондықтан оны көпұлтты мемлекетімізде тұратын өзге ұлт өкілдерімен тойлау маңызды», -деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы полковник Халжан Омаров.

Қазақ тілін жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдерінен тұратын бірқатар әскери қызметшілер «Бесікке салу», «Наурыз көже», «Бата беру», «Қол күресі» сынды қазақ халқының салт-дәстүрінен, әдет-ғұрыптарынан және ұлттық ойындарынан көріністер көрсетті, қазақ ұлттық әндерін шырқады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
232
0