Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:56, 19 марта 2014

Теннис: Воскобоева Акапулько турнирінде жарақат алды

Blog post image
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жарақатына байланысты бірқатар турнирлерге қатыса алмайтын болды. Бұл туралы ол бүгін өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Мексиканың Акапулько қаласында өткен Abierto Mexicano Telcel жарысы барысында жарақат  алған.

«Өкінішке орай, өзімнің өнерімді тоқтата тұру қажет екендігін хабарлауыма тура келеді. Акапулько турнирінде менің аяғыма зақым келді, турнирдің бас кезінде сырқат аяқ ауыра бастады және ісіп кетті. Анықталғанындай, бір сүйегім сынған, екіншісінде жарықшақ бар», — деп жазады спортшы.

Айта кету керек, 1,5 млн. доллар сыйақысы бар Акапулько жарысында Галина Воскобоева франциялық Кристина Младеновичпен бірге жұптық сында жеңіске жеткен болатын.

Басты сөздер: Спорт
 
0
139
0