11 елікті жайратқан браконер қолға түсті

dvd_sko 2014 M03 19
1005
0
0
0

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімі қызметкерлерімен 11 елікті заңсыз атып алды деген күдікпен облыстың екі тұрғының қамауға алды. Қаскөйлер Аққайын...

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімі қызметкерлерімен 11 елікті заңсыз атып алды деген күдікпен облыстың екі тұрғының қамауға алды. Қаскөйлер Аққайын ауданында орналасқан «Смирнов мемлекеттік қорығында» аңшылық құрған.

Заңсыз аң аулау фактісі 10 наурыз күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген кезекті рейд барысында әшкере болды. Лесное мен Қызыл-Жұлдыз ауылдарының арасындағы жол бойынан алыс емес жерден тәртіп сақшыларының назарына «YAMAHA Professional» қар көлігі мен екі жігіт көзге түседі. Күдіктілердің бірі осы жерде ұсталды. Ал екіншісі болса жасырбақ болғанына қарамастан көп ұзамай қолға түсті. Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды.

«Облыс аумағында 11 сібір елігін заңсыз атып алу фактісі тілкелді. Браконерлер аңға қарда жүру техникасы мен тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы мылтығын қолданған. Аталмыш қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен Петропавл қаласы мен Аққайын ауданы Астраханка ауылының тұрғындары қолға түсті.» - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Алмат Дүйсекин.

Оқиға орнын тексеру барысында тіркелмеген 16 калибрлі ИЖ-58 аңшы мылтығы мен 11 сібір елігінің еті табылды.

Қамауға алыңғандардың айтуынша атылған еліктердің етін олар өздерінің керектері жаратпақ болған. Қазіргі таңда елік еттері ветеренарлық сараптамаға жіберіліп, 1966 және 1975 жылы туған қамауға алыңған тұлғалар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 288 бабы 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде облыстың тәртіп сақшыларымен табиғат қорғау заңнамасы бұзылуының 98 фактісін анықтаған. Оның ішінде 62-сі аңға шығу ережесін сақтамау. Екі факті бойынша қылмыстық істер қозғалды.

СҚО ІІД баспасөз қызметі Ерлан Махметов

Оцените пост

0
Дальше